Fake News

Қазақстандықтар What’ sApp-тағы күлкілі хабарламаны бақылаудың белгілері деп ойлады

Қазақстандықтар What ‘ sApp командасының күлкілі хабарламасын талқылауда. Онда жалаңаш әйелдердің бейнесі бар хабарламаның өшірілгені туралы айтылады, себебі оны алушы «жасы келген ер адам» үшін мұндай суреттерді көру қауіпсіз емес. Кейбіреулері әзілді түсінбей, танымал мессенджер пайдаланушыларды жасырын түрде бақылайды деп ойлап қалған.

Шын мәнінде, бұл хабарламаны пайдаланушылар ойлап тапқан. Дәл осындай мәтін әзіл-сықақ сайттарда және күлкілі фотосуреттер мен әзілдер ұсынылған блогтарда кездеседі. 
What ‘ sApp ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, мессенджер арқылы жіберілген хабарламалар тек жіберуші мен алушыға ғана қолжетімді және компанияның серверлерінде емес, олардың құрылғыларында сақталады. Барлық жіберілген деректер толассыз шифрлаумен қорғалады, бұл оларды үшінші тұлғаларға, соның ішінде What ‘ sApp командасының мүшелеріне қолжетімсіз етеді. Сондықтан олар қандай да болмасын хабарламаны автоматты түрде жоя алмайды.

What ‘ sApp командасы пайдаланушыларға хабарлама сирек жібереді. Көп жағдайда, өздерін мессенджердің клиенттерге қызмет көрсету қызметкерлері ретінде таныстырғандардың хабарламалары спам немесе фишингтік хабарламалар болып шығады. What ‘ sApp-тың ресми өкілдері мұндай хабарламаларды елемеуге кеңес береді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button