Қазақстандық әскерді Украинаға жіберу туралы фейктер енді Twitter-де де таратылуда
Пайдаланушылар қазақстандық әскер мен әскери техниканы Украинаға жіберу туралы фейк ақпараттар таратуды жалғастыруда. Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі бірнеше рет жоққа шығарғанына қарамастан мұндай мазмұндағы кезекті хабарлама Twitter-де жарияланды.
Теміржолмен тасымалданып жатқан әскери техниканың көптеген фотосуреттері мен видеолары Украинаға әскер жіберудің дәлелі болып табылмайды. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл кадрларда Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жөндеуге жіберілген әскери техника түсірілгенін жеткізді.
ҚР Үкіметі Украинамен шиеленісте Ресейге жасырын түрде көмектеседі деген қауесет те негізсіз. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, қазақстандық билік мұндай шешім қабылдаған жоқ.
– «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Парламенттің тиісті қаулысы қабылданғанға дейін Қорғаныс министрлігінің әскери контингентті қандай да бір мемлекетке жіберу үшін өкілеттігі болмайды. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргііп жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Баршаңызды күмәнді дереккөздерден тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.