Фейк: «Вирустар болмайды, ал адамдар электромагниттік сәулеленуден ауырады»
Telegram-да вирустар болмайды, ал барлық аурулардың себептері электромагниттік толқындар болып табылатыны туралы конспирологиялық теория таратылуда. Бұл ғылымға қарсы және мағынасыз.
Біріншіден, кез келген қастандық теориясындағыдай, бұл тұжырымда да бүкіл адамзатты алдау мақсатымен келіскендердің «мотиві» жоқ. XIX ғасырда біреулерге патогендерді ойлап тауып, жер бетіндегі барлық адамдарды, соның ішінде ғалымдар мен зерттеушілерді оған сендіру не үшін қажет болғаны түсініксіз.
Вирусты бактериядан ажыратқан және оның нәтижелерін сипаттаған алғашқы ғалым Дмитрий Ивановский болды. Ол өзінің бақылауларын 1892 жылы Санкт-Петербург Императорлық ғылым академиясының бюллетенінде неміс тілінде жариялады. Содан кейін оның кеңейтілген нұсқасын Centalblatt für Bakteriologie (1899) және Zeitschift für Pflanzenkrankenheiten (1903) халықаралық журналдарында ұсынды. В 1942 жылы Ивановскийдің алғашқы еңбегінің аудармасы Phytopathology Classics журналында шықты. Бұл ғылыми зерттеулердің мақсаты адамзатты алдау немесе әлемдік қастандықты жасыру болғандығына ешқандай дәлел, растау немесе айғақ болмаған және әлі де жоқ.
Неміс вирусологы Густав Кауше бірінші болып вирусты электронды микроскоппен көрген. Бұл 1939 жылы болды.
Содан бері ғалымдардың ешқайсысы вирустардың жоқ екенін немесе Ивановский ашқан жаңалығы қате екенін дәлелдей алмады.
Қазіргі кезде ғалымдар қайта қаралған Кох постулаттарына сәйкес вирустарды шығарады. Кох өзінің постулаттарын бактериялар үшін ойлап тапқандықтан және оларды вирустарға қатысты қолдану мүмкін болмағандықтан олар қайта қаралды.
Адамға зиян келтіретін вирустарды анықтау тарихы баршаға қол жетімді, олар толық расталған және ғылыми негізделген.
Бұл вирустардың үлгілері әлем бойынша мамандандырылған зертханаларда сақталады. Онда зерттеліп, оларға қарсы дәрі-дәрмектер мен вакциналар жасалады.
Адамға белгілі барлық аурулар электромагниттік сәулеленуден туындайды деген теория сын көтеремйді. Табиғатта электромагниттік сәулелену көздері жеткілікті, олардың ішіндегі ең үлкені – Күн.
Сондай-ақ, тұрғын және әкімшілік ғимараттардағы электромагниттік сәулеленудің рұқсат етілген деңгейі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы бұйрығымен реттеледі. Онда адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз мәндер жазылған. Демек, айналамыздағы электромагниттік сәулелену ағзаға зиян тигізбейді және ауру тудыруы мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, Желіде таралған теория конспирологиялық және ғылым дәлелдеген фактілерге қайшы келеді.