Fake News

Фейк: «Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы аса қауіпті үштік COVID-19 жұқтырды»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб үштік COVID-19-дың аса қауіпті түрін жұқтырғаны туралы ақпарат таратуда. Бұл өтірік.


Бұл ақпараттың дереккөзі – журналист Кайл Беккердің Twitter-дегі аккаунты. Ол биыл 23 наурызда Клаус Швабтың ауруы туралы жаңалық жариялаған, кейіннен өз твитінде бұл әзіл болғанын және «үштік COVID-19» жоқ деп жазған.

Клаус Швабтың Twitter-дегі ресми парақшасында ДЭФ негізін қалаушы COVID-19-дың қандай да болмасын бір түрін жұқтырғаны туралы хабарламалар жоқ. 
Демек, оның ауырғандығы туралы ақпарат Желіде кеңінен тараған әзіл ақпаратқа негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button