Фейк: «Ресми құжатқа вакцинацияның салдары туралы мәліметтер кездейсоқ енген»
Қастандық теорияларын жақтаушылар COVID-19 қарсы вакциналардың өте қауіпті екендігіне және өлімге әкелетініне дәлелдер іздеуді жалғастыруда. Бұл жолы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы ұсынған презентация слайды растау болып табылады. Онда инфаркт, Гуилайн-Барре синдромы, инсульт, Кавасаки ауруы және өлім сияқты жанама әсерлер көрсетілген. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл құпия тізім кездейсоқ тарап кеткен. Бұл жалған.
Шын мәнінде, желіде талқыланған слайд құпия емес, сондай-ақ АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының (FDA) презентациясында кездейсоқ көрсетілмеген.
Бұл слайд презентацияның Vaccines and Related Biological Products Advisory Committee October 22, 2020 Meeting Presentation деп аталатын бөлігі. Атауынан көрініп тұрғандай, файл өткен жылдың 22 қазанында жасалған. Ол кезде FDA бірде-бір COVID-19 қарсы вакцинаны мақұлдамаған және екпелер жаппай қолданысыта бомлаған. Презентация таныстырылған кездесуде дәрі-дәрмек мақұлдау үшін сақталуы тиіс жағдайлар, сондай-ақ инновациялық вакциналарды қолданудың ықтимал қауіптері талқыланды.
Аурулар тізімі – бұл вакциналарды мақұлдау үшін зерттеліп, алынып тасталуы тиіс жанама әсерлерд тізімі.
2020 жылдың 10 желтоқсанында ведомство Pfizer вакцинасын мақұлдады. FDA қорытындысында слайдта көрсетілген жанама әсерлер туралы айтылмаған.
Былтыр 18 желтоқсанда FDA Moderna препаратын мақұлдады. Сондай-ақ, ақпараттық парақта оны қолдану ауыр аурулардың немесе өлімнің дамуына әкелетіні туралы айтылмаған.
Биыл 27 ақпанда агенттік Johnson & Johnson шығарған вакцинаны мақұлдады. Бұл препараттың да адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екендігі туралы ақпарат жоқ.
Қорыта айтқанда, желідегі ауыр аурулар тізімі көрсетілген слайд вакцинацияның жанама әсерлерінің тізімі емес және олардың зиянын дәлелдемейді. Бұл тек вакциналарды мақұлдамас бұрын және жаппай иммундау науқанына рұқсат бергенге дейін олардың қауіпсіздігі мұқият тексерілгенінің белгісі ғана. Соның ішінде, COVID-19 алдын алуға арналған препараттар слайдта көрсетілген ауруларды тудырмайтындығына баса назар аударылды.