Fake News

Фейк: «Қытайда тас жеу пайдалы деп жарияланды»

Әлеуметтік желілерде Қытайда тас жеу пайдалы деп жарияланғаны туралы жазуда. Онда алдымен адамдар дұрыс тамақтануды тоқтатуы үшін «пайдалы» құрттар мен жәндіктерді жеу ұсынылған екен. Бұл жалған.

Қытайда тас жей бастағаны туралы ақпарат – манипуляция. Ол CNN телеарнасының 2023 жылғы 23 маусымдағы репортажына негізделген. Онда қазіргі заманда Қытайда көшеде тамақтану сәнге айналғаны туралы айтылды. Кеңінен тараған тағамдардың бірі – Суодио. Бұл дәмдеуіштер қосылған және майға қуырылған өзен тастары. Алайда, CNN репортажында, біріншіден, тасты жеу қажет емес – оны сорып, тастау керек делінген. Екіншіден, суодио – бұл жүздеген жылдар бұрын қытай балықшылары ойлап тапқан ежелгі тағам. Олар біркелкі қыздырылған өзен тастары тағамға қосатын дәмдеуіштер мен көкөністің дәмін сіңіріп, ашады деп санаған. 

Суодионың пайдалы екендігі туралы CNN репортажында да, басқа жерде де айтылмаған. Желіде ерекше тастарды пісіріп «жеген» адамдардың видеосы бар, бірақ бұл дәстүрлі құнарлы тағамнан гөрі сәнге деген құрмет және жаңа нәрсені татып көруге деген ұмтылыс.

Олай болса, Қытайда тас жеу пайдалы деп жарияланғаны туралы ақпарат өтірік. Өзен тастары дәмдеуіштермен майға қуырылады, бірақ бұл нәрлі тағамнан гөрі ермек болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button