Fake News

Фейк: «WhatsApp-қа жіберілген видеолар телефондағы барлық мәліметтерді өшіруі мүмкін»

WhatsApp-та «Новокузнецк муниципалды ауданы әкімшілігінің» ақ парақшада басып шығарылған ескертуінің фотосуреті тарады. Онда «ертең» Whatsapp-та Martinelli және Dance of The Pope атты екі бейнеролик шығатыны айтылған. Олар телефондағы барлық ақпаратты қалпына келтіру мүмкіндігінсіз өшіреді екен. Бұл – фейк.

Шын мәнінде, «ескертудің» қандай да болмасын аудан әкімшілігіне қатысы жоқ. Бұл мәтін Италияда 2017 жылы тараған ескі фейк.
Кейіннен хабарлама Желіде вирустық сипатқа ие болды. Қазақстандық пайдаланушылар арасында ол 2020 жылы таралды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми дереккөздерде бұл фейк бірнеше рет теріске шығарылып, зиянды кодтары бар Martinelli және Dance of the Pope атты вирустық бейнероликтер жоқ екені түсіндірілді.

Демек, таратылған ақпарат фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button