Алаяқтар қазақстандықтарды әуе компаниясы атынан алдауда
WhatsApp-та AirAstana компаниясы өзінің 20 жылдығына орай жүргізіп отырған сауалнамаға сілтеме таратылуда. Парақшада қатысушылар сыйлық ретінде 100 000 ала алады делінген. Бұл – фишинг.
AirAstana-ның ресми сайтында мұндай ұтыс ойыны туралы жазылмаған. Сондай-ақ бұл туралы компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да айтылмаған.
Сонымен қатар, әуе тасымалдаушының Instagram-дағы парақшасында: «Air Astana әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында немесе airastana.com сайтында ғана ұтыс ойындарын, конкурстар мен акциялар өткізеді. Сіздерден сақ болып, алаяқтардың әрекеттерінен аулақ болуға шақырамыз», деп жазылған.
Демек, пайдаланушыларға ұсынылып отырған сауалнама әуе компаниясының ресми порталында немесе оның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланбағандықтан, оны шынайы деп санауға болмайды. Яғни, бұл сауалнама алаяқтардың ісі.
Интернет-алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның көмегімен қаскүнемдер пайдаланушылардың дербес ақпаратын, банк карталарының деректерін, жеке және ақылы аккаунттардың логиндері мен парольдерін иемденеді. Осы және кибер алаяқтардың құрбаны болмау туралы біз мына жерде жазған болатынбыз:
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті