Fake News

Фейк: «ДЭФ конспирологтарға интернетке кіруге тыйым салуды ұсынады»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форумның кеңесшісі Юваль Ной Харари қастандық теорияларын жақтаушыларға Интернетті пайдалануға тыйым салуға шақырды деп жазылды. Бұл жалған.

Юваль Ной Харари ¬- әскери тарихшы, футуролог және бірнеше ғылыми танымал бестселлердің авторы. Дүниежүзілік экономикалық форуммен ынтымақтастық орнатқан, бірақ ол біреулерге желіге кіруге тыйым салуға шақырмаған.

Бұл хабарламаның негізгі көзі – үнемі фейктерді жариялап, қастандық теориялары мен псевдо ғылыми жаңалықтар тарататын The People’s voice порталы.

Портал жарияланымында Лекс Фридманның подкастының Юваль Ной Харари қонақ ретінде қатысқан 17 шығарылымына сүйенеді. Алайда бағдарламада конспирологтарды желіні пайдалану құқығынан айыру туралы тезистер айтылмаған. Конспирологияны талқылай отырып, Харари қастандық теорияларының неге тартымды болатынын және олардың неліктен қауіпті болуы ықтимал екенін айтқан. 

Бұған дейін ағылшын тіліндегі фактчекерлер ДЭФ кеңесшісі конспирологтарды Интернетті пайдалану мүмкіндігінен айыруға шақырды деген хабарламаларды жоққа шығарған болатын. Олай болса, таралған ақпарат сенімсіз және біржақты пікірдегі жаңалықтар порталының тағы бір фейкі болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button