Fake News

ДДСҰ енді маска тағудың қажеті жоқ деп мәлімдемеген

Желіде ДДСҰ-ның жалған мәлімдемесі талқылануда. Ұйым мамандары енді маска тағу қажет емес деп мәлімдеген екен. Осындай «дәйексөз» жазылған скриншот осы жылдың 25 қаңтарында жарияланды.

Шын мәнінде, ДДСҰ мамандарының ешқайсысы мұндай мәлімдеме жасамаған. Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ.

Сайтта, тіпті, контекстен алынған дәйексөз келтірілген, шындығында, ол ДДСҰ-ның 2020 жылғы 1 желтоқсандағы Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда «адекватты қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз» делінген.
Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19 алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген. 
Сонымен қатар, құжатта маска тағудың тиімділігін көрсететін зерттеулердің нәтижелері келтірілген.

Бұл осы құжатты қолдана отырып, жасалып отырған алғашқы манипуляция емес. Бұған дейін қастандық теориясын жақтаушылар маска тағу жөніндегі нұсқаулықты оларды қолдану қаупін мойындау ретінде түсіндірген болатын. StopFake.kz неге олай емес екенін және құжатта не туралы айтылғанын егжей-тегжейлі жазған болатын. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button