Fake News

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік балабақшалар жеке тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілмейді

Қазақстандықтар жақын арада елордадағы мемлекеттік балабақшалар жеке меншікке өтеді деген жаңалыққа наразы. Бұл туралы хабарлама және ата-аналарды бұған қарсылық танытуға шақыратын үндеу Facebook әлеуметтік желісіндегі «Жалобы Астаны» тобында жарияланды.

Мемлекеттік балабақшаларды бизнесмендерге сенімді басқаруға беру туралы жаңалықты Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы жоққа шығарды.

– Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қазіргі уақытта бірде-бір балабақшаны жеке тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беру туралы мәселені қарастырып та, көтеріп те жатқан жоқ. Бүгінгі таңда білім басқармасы жеке инвестормен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы бір ғана шарт жасасты, оған сәйкес жеке серіктес өз күшімен балабақша ғимаратын салады және құрылыс аяқталғаннан кейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда, оны 19 жыл бойы пайдалану құқығымен қаланың коммуналдық меншігіне береді, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, білім басқармасының хабарламасында мектептер жанындағы спорт алаңдары ғана жеке инвесторларға сенімгерлік басқаруға берілетіні айтылған. Бұл ретте инвестор өз есебінен спорттық орын-жайлар салуға және оларды жабдықтауға міндеттенеді. Мектеп оқушылары оқу процесінде жабдықтар мен орын-жайларды пайдаланады, ал сабақтан тыс уақытта түрлі спорт секциялары ұйымдастырылады.
Ведомствоның мәліметінше, балабақша қызметінің қымбаттауы жоспарланбаған, ал балаларға арналған ас мәзірі мен тамақтану сапасы тұрақты бақылауда.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button