Fake News

Фейк: «Коронавирус пандемиясы 1918 жылы болған және әдейі жасалған»

Қазнетте коронавирус тудырған індет пандемиясы бұрын болған деген теория таралуда. Бұған дәлел ретінде қазақстандықтар «испан тұмауының» коронавирус штаммдарының бірінен туындағаны туралы айтылған видеомен бөлісуде. Шын мәнінде бұл ауру қауіпсіз және ол әлемдік үкіметке елдерді күшті экономикалық дағдарысқа итермелеу үшін қажет болған екен. Бұл олай емес.

H1N1 тұмау вирусынан туындаған испан тұмауы пандемиясы 1918 жылы басталып, екі жылға созылды. Дәл осы серотип 2009 жылы доңыз тұмауының өршуіне себеп болды.
Тұмау вирустары коронавирустарға жатпайды. Бұл әртүрлі типтер және олар әртүрлі аурулар тудырады.
Испан тұмауы пандемиясы ойдан шығарылған жоқ – әртүрлі бағалаулар бойынша, індет салдарынан 17-ден 100 миллионға дейін адам көз жұмған. Өлім-жітімнің көп болуына ауру емес, оған қарсы вакцина себеп болды деген видеода айтылған теория да фактілерге сәйкес келмейді. Испан тұмауына қарсы вакцина пандемия аяқталғаннан кейін 20 жыл өткен соң 1940 жылдары әзірленді.
1918 пандемия кезінде санитарлық нормаларды сақтау міндетті болды. Тұрғындар бетперде тағып, адамдар көп жүретін орындарға бармаған. Санитарлық талаптарды орындаудан бас тартқаны үшін айыппұлдар енгізілген, кейбір жағдайларда 10 күнге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған.
Содан бері вирустық аурулардың берілу тетіктері өзгерген жоқ. Sars-CoV-2 вирусы испан тұмауының қоздырғышы сияқты ауа жолдары арқылы беріледі. Сондықтан бұл аурулардың алдын алу шаралары ұқсас.
Жұқпалы аурулардың өршіген жағдайда маска тағудың тиімділігі дәлелденді. Бұл шараны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады. 
Қорыта айтқанда, бір ғасырға созылған әлемдік қастандық туралы болжам негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button