Фейк: «Симпсондар» Канададағы наразылықтарды болжады»
Тelegram-да Канадада «Бостандық колоннасы» деп аталып кеткен жүк көліктері жүргізушілерінің наразылықтары болжанған «Симпсондар» мультсериалының үзіндісі тарады. Кадрлардың бірінде тас жолда келе жатқан жүк көліктері көрсетілген, ал келесі кадрда Канада премьер-министрі Джастин Трюдо өз кеңсесінен терезе арқылы қашады. Бұл – монтаж.
Шын мәнінде, бұл видео мультфильмнің 20 жыл аралықпен шыққан екі түрлі сериясынан тұрады.
Жүк көліктері келе жатқан бөлігі Maximum Homerdrive деп аталатын 10 маусымның 17 сериясынан алынған. Бұл ретте, түпнұсқа сериясында жүк көліктері наразылық шарасына қатыспаған, олар Гомер Симпсонды қуып жетпек болған.
Роликтің келесі бөлігі – 30 маусымының 21 сериясынан алынған үзінді. Ол D’oh Canada деп аталады. Сюжетке сәйкес, АҚШ Президенті Канада премьер-министрі Джастин Трюдоны «осал» деп атайды. Басты кейіпкер Лиза Симпсон бейне байланыс арқылы хабарласып, одан кешірім сұрамақ болады. Бұған жауап ретінде Трюдо өзінің мықтылығын көрсету үшін жұмыс үстелінде қолына тұрады. Бірақ Лиза канадалық SNC-Lavalin компаниясына қатысты жанжал туралы сұраған кезде мультфильмдегі Трюдо сол қалпында терезе арқылы кабинеттен шығып кетеді.
Демек, мультсериалда Канададағы «Бостандық колоннасы» ретінде белгілі жүк көліктері жүргізушілерінің наразылықтарының белгісі жоқ.
Бұған дейін біз «Симпсондар» мультфильмі «сәуегейлік» емес, және оның сюжеттерін дәлме-дәл қабылдамау керек деп жазған болатынбыз.