Фейк:«Симпсондар COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияны болжады»
Казнет пайдаланушылары «Симпсондар» мультсериалынан алынған жаңа болжаммен бөлісуде. Бұл жолы «сәуегейлік» COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияға қатысты, ол 2021 жылдан 2023 жылға дейін созылады екен. Шындығында, шоуда мұндай ештеңе болмаған.
Танымал қазақстандық Telegram-арнада мультсериал эпизодтарының бірінің скриншоты тарады, онда басты кейіпкер Гомер Симпсон «Уау, болжамдары бар печенье, олардың нақты айтатыны рас» деп айтып, печеньні ашады. Келесі кадрда жазылған болжам көрсетіледі:«вакциналар екі жылда өз жұмысын жасайды», бағанның жанында 2021+2022+2023 есебі жазылып, барлық нөлдер өшірілген. Осылайша, сандардың қосындысы 666-ға тең болады. Киелі кітапта бұл сан «Аң саны» болып табылады және, әдетте қирауу, өлім және апокалипсиспен байланыстырылады. Яғни, вакциналар адамзатты құтқаруға емес, жоюға бағытталған екен.
Шын мәнінде, скриншот «Селма Симпсон» («Goo Goo Gai Pan» – ағылш.) сериалының он алтыншы маусымының он екінші сериясынан алынған. Сюжетке сәйкес, басты кейіпкерлердің қартайған туысы Қытайдан бала асырап алмақ болады, алайда бала асырап алушы агент бір сәтте Селманың түзу ниетіне күмәнданып, баланы алып кетеді. Дәл осы кезде Гомер Симпсон болжамы бар печеньені бөледі. Түпнұсқада қағаз парақшада:«Біз Селманың баласын алып кетеміз» деп жазылған.
Бұл қойылым кеңінен танымал болды, сондықтан желі қолданушылары одан мем жасаған. Болжамы бар печеньенің бос парағының скриншотын танымал Reddit платформасынан жүктеп алуға болады. Пайдаланушылардың өздері оған «болжамдарды» немесе күлкілі сөздерді жаза алады.
COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация мен оның ауыр салдары туралы «болжамдар» нақ осылай пайда болды. Мультсериялдың түпнұсқасында мұндай ештеңе жоқ.
Желі қолданушылары «Симпсондардың» болжамдарын бұған дейін де айтқан. Танымал интернет-аңыздар арасында сериалда 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалған террорлық шабуыл, Дональд Трамптың президент болуы және басқа да оқиғалар болжанды деген идеялар бар. Мұның бәрін неге сәуегейлік деп санауға болмайтыны және мультсериял авторларының бұған қатысты пікірлері туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
Фейк:«Симпсондар» пандемияның болатынын болжаған, ал 2021 жылы соғыс пен қирау орын алады дейді»