Манипуляция: «АҚШ Қарулы күштері зомби шабуылы жағдайында әрекет ету жоспарын құрды»
Әлеуметтік желілерде АҚШ Қарулы күштері ақырзаман орнаған жағдайда әрекет ету жоспарын құрды деген ақпарат талқылануда. Егжей-тегжейлі сипатталған құжатта тірі өліктердің жіктелуі және олардан адамдарды қорғау тетіктері жазылған. Пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл жоспар АҚШ-тың болашақта зомби әскерін құру жоспарларының дәлелі болып табылады. Бұл олай емес, неге екенін айтып берейік.
Бір қызығы, осыған ұқсас жоспар бар және оны Желіден табуға болады. Ол 2011 жылы әзірленген және құпия емес, бұл туралы Unclassified-тің бірінші бетінде жазылған.
Дисклеймерде бұл құжат іс жүзінде әскери оқу-жаттығуларға арналған сценарий болып табылатыны айтылған. Мұндай «күлкілі» сюжет адамдар оны шын деп ойлап қалып, дүрбелең тудырмауы үшін әдейі таңдалған.
Бұл оқу-жаттығулар мен ерекше сценарий туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланып, АҚШ қарулы күштері құпия түрде тірі өліктер әскерін құрып жатпағаны, тек сарбаздарды тиімді оқытуға тырысып жатқандығы түсіндірілді.
АҚШ-тың ресми құжаттарында ақырзаман туралы жазылғаны жайлы бұған дейін де айтылып келді. Біз CDC-тің өліктер шабуылы кезінде әрекет ету жоспарлары туралы жазып, оның неге қастандық теориясын дәлелдемейтінін түсіндірген едік.