Fake News

KZ-CERT қызметі «TECHNODOM» компаниясы атынан ұтыс өткізетін» алаяқтық сайттың жұмысын тоқтатады

Әлеуметтік желілерде «TECHNODOM» компаниясының алаяқтары жалған хабарлама таратты. KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметін мәлімдегендей, бұл компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Жақын арада жалған ресурс бұғатталады.

Алаяқтар қазақстандық ірі компаниялардың атын жиі пайдаланады. Бұл жолы «TECHNODOM» компаниясы зардап шекті. Қаскүнемдер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дүкендер желісі «60 мың теңгелік купондар ұтысын өткізеді» деген ақпарат таратқан. Жүлдені алу үшін көрсетілген сілтеме бойынша өту қажет.

Интернет-ресурсқа кірсеңіз, алаяқтардың компанияның логотипін қолданғанын және сайттың өзі фирмалық қызғылт сары түспен ресімделгенін көре аласыз. Төменде сауалнама ұсынылған, сұрақтарға жауап берген соң «купон алатыныңызға кепіл беріледі».

Stopfake редакциясы сайттың деректерін KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне жіберді, онда оның алаяқтық ресурс екендігі расталды.

«Алаяқтықтың бұл түрі ең зиянсыз схемалардың бірі деуге болады, өйткені алаяқтар валютаны айырбастау немесе аудару үшін қаржы төлеуді талап етпейді, бірақ бұл жайт компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, TECHNODOM компаниясының ресми ақпарат көзі technodom.kz интернет-ресурсы болып табылады. Қазіргі кезде KZ-CERT қызметінің мамандары шетелдік хостинг-провайдерлермен қолжетімділік мәселесін пысықтай отырып, алаяқтық интернет-ресурстың қызметін тоқтату бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп хабарлады қызметтегілер.

 

Сондай-ақ KZ-CERT Интернет пайдаланушыларына алданып қалмауға көмектесетін ережелерді ұсынды.

  1. Күдікті файлдарды жүктемеңіз немесе ашпаңыз және тексерілмеген дереккөздерден сілтемелер бойынша өтпеңіз;
  2. Сілтеме арқылы өткен , мекен жай жолына назар аударыңыз – доменнің атауына, мысалы – technodom.kz. Акция өткізетін ұйымның немесе компанияның ресми атауындағы қосымша таңбаларға назар аударыңыз;
  3. Компанияның әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына назар , әдетте үлкен шара қарсаңында олар ақпаратты негізгі интернет-ресурста немесе Facebook, Instagram, ВК әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қосымша жариялайды;
  4. Тіркелген деректеріңізді үнемі тексеріп отырыңыз және сенімді парольдарды қолданыңыз;
  5. Браузерде, операциялық жүйеде және мобильді құрылғыда қалқымалы терезелер мен хабарламаларға абай болыңыз;
  6. Екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз;
  7. Қоғамдық WI-FI таратылатын орындарға сенбеңіз және қорғалмаған сымсыз желілер арқылы аутентификация деректерін енгізбеңіз;
  8. Телефон арқылы алаяқтардың талаптарын орындамаңыз, алаяқтық фактісі анықталған жағдайда, дереу жақын маңдағы Аудандық ішкі істер бөліміне немесе 102 телефонына хабарласыңыз;
  9. Жеке мәліметтер жазылған құжаттардың, жеке куәліктің көшірмелерін, Банктік карталардың деректерін және т.б. үшінші тұлғаларға жібермеңіз;
  10. Банктік картаңыздың деректерін сақтаңыз, несие картасының екінші жағындағы 3 таңбалы CVV/CVC кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түскен SMS-кодты да ешкімге айтпаңыз;
  11. Естеріңізде болсын, сауалнамадан өткеніңіз үшін ешкім ақшалай сыйлық бермейді, алаяқтардың алдауына көнбеңізд және Whatsapp сияқты мессенджерлер арқылы сілтемелер таратпаңыз.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button