Fake News

Фейк: «ДДҰ геномды редакциялауды заңдастырады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам геномын заңдастыруға кіріскені туралы жазды. Процедураның көмегімен спортшылардың төзімділігі мен күші арттырылады, болашақ балаларда келбет пен денсаулық бойынша қажетті көрсеткіштерге қол жеткізу үшін адам эмбриондары өзгертіледі екен. Бұл рас па? Талдап шығайық.

ДДСҰ ресми сайтында 2021 жылдың 12 шілдесінде «ДДҰ халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту үшін адам геномын редакциялаудың жаңа ұсыныстарын шығарады» деген тақырыппен баспасөз хабарламасы жарияланды. Онда геномды редакциялау сияқты қарқынды дамып келе жатқан ғылым саласын реттеу бойынша ережелер мен ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі туралы айтылған.

Спортшылар мен адам эмбриондарының геномын өңдеуге келетін болсақ, баспасөз хабарламасында мұндай мүмкіндік мақұлданатыны немесе қалыпты тәжірибеге айналатыны туралы айтылмаған. Тек мамандар мұндай сценарийлерді қалай қарау керектігі туралы ұсыныстар беруі тиіс делінген.

Спортшылардың физикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін геномды редакциялау ДДҰ идеясы емес және ұзақ уақыттан бері талқыланып келеді.

2018 жылы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спортшыларға тыйым салынған процедуралар тізіміне геномдық редакциялауды енгізді.

2019 жылы БАҚ спортшылар үшін мұндай рәсім қолайсыз, әлем атлеттерді осылай «жетілдіруге» спортшыларды қабылдауға дайын емес деп жазды. 

2021 жылдың қаңтарында Technology Networks журналы спортта геномдық редакциялау технологиясын қолдануға жол берілмейтіндігі туралы мақала жарияланды.

Адам эмбриондарының геномын өңдеуге келетін болсақ, онда этикалық және медициналық сипаттағы үлкен проблема бар. Алайда, халықаралық заңдарға сәйкес адам эмбрионының геномын өңдеуге тек терапевтік, диагностикалық немесе алдын алу мақсатында ғана рұқсат етілетінін айта кеткен жөн. Яғни, мұндай шаралардың көмегімен ауруды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға ғана рұқсат етіледі, бірақ сырт келбетін өзгертпейді, ақыл-ой қабілетін немесе талантын «дамытады».

Алайда, кейбір ғалымдар мұндай процедуралар этикаға жат және қоғамдағы бөлінуді күшейтеді деп адам эмбриондарының гендерін қалай болса да редакциялауға қарсы. Өйткені дамыған мемлекеттердің азаматтарынан айырмашылығы, бұл рәсім қымбат болғандықтан үшінші әлем елдерінің тұрғындарына қол жетімсіз. 

ДДҰ бұл этикалық және медициналық мәселелерді жоққа шығармайды, керісінше ашық айтады. Бұл туралы ұйымның сайтында 2019 жылғы 19 наурыздағы жарияланымда айтылған.

Талқыланып отырған 2021 жылғы 12 шілдедгі баспасөз хабарламасында ДДҰ мамандары бұл мәселелерді де ескерген. Мәтін авторлары геномды өңдеуді зерттеу саласы тез дамып келе жатқанын айтады. Онда жаңалықтар ашылуда. Сондықтан жаңа әдістерді қолдануды реттейтін ережелерді де өзгерту қажет. 

Сондай-ақ ДДҰ-ның заңды түрде кез келген нәрсені заңдастыруға немесе тыйым салуға құқығы жоқ екенін атап өткен жөн. Қоғамдық ұйым ретінде ол тек кеңес қана бере алады. Ал осы ұсыныстарды ұстануды немесе орындамауды ел үкіметтері шешеді.

Демек, ДДҰ адамдарды геномдық редакциялауды заңдастыруға кірісті деген ақпарат  – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button