Фейк: «Клим Шипенко ХҒС бортында түсірілген бейнежазбаларды жоғалтып алды»
Желіде Халықаралық ғарыш станциясында ғарышта түсірілген алғашқы фильм үшін жасалған жазбалардың жоғалғаны туралы жаңалық тарады. Бұл «Панорама» сатиралық басылымы шығарған әзіл.
Сатиралық ақпарат агенттігінің сайтында ХҒС жасалған жазбалардың жоғалуы туралы жаңалық 17 қазанда жарияланды.
Онда фильмді түсіру үшін ғарышқа ұшқан әлемдегі алғашқы режиссер Клим Шипенко техникалық ақаулардың салдарынан барлық жазбаларын жоғалтып алғаны туралы айтылған. Барлық түсірілген материал сақталған диск Жерге оралғанда бос болып шыққан.
Бұл хабарға сенудің қажеті жоқ, өйткені «Панорама» шынайы жаңалықтарды жылына бір рет – 1 сәуірде ғана жариялайды. Порталдағы барлық басқа жарияланымдар сатиралық болып табылады.
Шын мәнінде, ХҒС жасалған жазбалар түсірілім тобына түгелдей берілді. ХҒС болған режиссер Шипенко мен актриса Юлия Пересильд жалпы 30 сағаттан астам бейнематериал түсірген.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында түсірілімнің сапасы «керемет» екендігі айтылды.
Түсірілім тобы 5 қазанда Байқоңырдан «Союз МС-19» кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Олар «Шақыру» (Вызов) фильмін түсірді, сюжет бойынша дәрігер кардиохирг салмақсыздық күйде өлім аузында жатқан ғарышкердің жүрегіне ота жасау үшін ғарышқа ұшуы керек.