Жаңалықтар

Фейк: «Атиптік пневмониядан зардап шеккен Перу тұрғындары муниципалитетті 5G бағанасын алып тастауға мәжбүр етті, нәтижесінде ауру белгілері жоғалды»

Желіде Лимадағы (Перу) Мирафлорес ауданының тұрғындары муниципалитетті атиптік  пневмония мен көп мәрте веноздық бұзылулардың себебі болған 5G бағанасын алып тастауға мәжбүр еткені туралы видео таратылуда. Бағананы бұзып атстаған соң симптомдар жойылған екен. Бұл өтірік.


Желіде тараған видео 2019 жылғы 30 қарашада түсірілген. Кадрда көрсетілген «бағана» – жергілікті биліктің келісімінсіз Coar North SAC компаниясы орнатқан радио және ұялы байланыс антеннасы. Нақ осы себептен ол заңсыз деп танылып, алынып тасталды.
Бұл оқиға жайлы ақпараттар БАҚ сайттарында және Мирафлорес ауданының ресми парақшасында жарияланды.
Айта кетейік, 2019 жылы 5G технологиясы Перуде таралмаған еді. Movistar компаниясы елде осы технологияны сынақтан өткізді, бірақ тұрғындар үшін ол қолжетімсіз болды. Бұл туралы Перу Көлік және коммуникация министрлігінің өкілі Хосе Агилар мәлімдеді. 

Сондай-ақ, фейкте атиптік пневмония туралы да айтылады. Бірақ бұл аурудың өршуі 2019 жылы емес, одан ертерек – 2002-2003 жж болған. 

5G технологиясы адамдардың денсаулығын нашарлата алмайды, бұл кең таралған және бірнеше рет теріске шығарылған фейк. 5G желілерінің жүрекке, миға және репродуктивті жүйеге теріс әсері анықталған жоқ, мұны сәулеленуден қорғау жөніндегі халықаралық комиссияның зерттеулері растайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button