Фейк: «Вакциналардан өзге ғаламшарлықтардың жұмыртқалары табылды»
Танымал қазақстандық Telegram-арналарда адамның көзінде айқын көрінетін паразиттің бір түрі түсірілген бейнеролик тарады. Видео авторы бұл адам ағзасына COVID-19 қарсы вакцинадан енген үш аяғы бар «өзгеғаламшарлық өрмекші» деп мәлімдейді. Бұл жалған.
Роликтің авторы – өзін-өзі онкологиялық аурулар бойынша сарапшы деп жариялаған доктор Леонард Колдуэлл. Бұған дейін ол қатерлі ісіктің кез келген түрін бірнеше апта ішінде диеталармен емдеуге болатындығы туралы негізсіз және ашық мәлімдемелер жасаған.
Ол талқыланып отырған роликке адамның көзінде қозғалатын паразитті анық көрінетін видеоны қосты. Колдуэллдің айтуынша, бұл COVID-19 қарсы вакцинация нәтижесінде құрты денеге енген өзге ғаламшарлық өрмекші.
Шын мәнінде, бұл видеоның жалпы екпелерге, әсіресе КВИ қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ. Көздегі паразит түсірілген ролик Желіде 2019 жылы күзде пайда болды. Оны @derm.life TikTok -аккаунтынан көруге болады. Видеода резидент дерматолог видеодағы паразиттің лоа-лоа деп аталатынын және лоаоз ауруын тудыратынын айтады.
Бұл ауру көбінесе Африкада кездеседі. Ол қансорғыш сона шаққанда жұғады. Сонаның өздері лоа-лоа құрттарын шаққан жануарлардың қаны арқылы тасымалдайды. Осылайша, инфекция науқастан сау адамға өтеді. Көп жағдайда ауру симптомсыз болады, бірақ кейбір жағдайларда дененің әртүрлі бөліктерінде ангионевротикалық ісік және басқа да белгілер пайда болуы мүмкін.
COVID-19-ға қарсы вакциналарда лоа-лоа құрттарының болуы мүмкін емес, өйткені препараттар күн сәулесі түспейтіндей төмен температурада сақталады және тасымалданады. Мұндай жағдайда тірі организмдер тіршілік ете алмайды.
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы құпия емес және баршаға қолжетімді. Оларда жәндіктердің құрттары немесе жер бетінде және өзге ғаламшарлық басқа организмдер жоқ.
Екпелердің құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.
Қорыта айтқанда, видеода көрсетілген паразит өзге ғаламшарлық өрмекші емес, адамзатқа бұрыннан белгілі лоа-лоа құрты. Видеоның өзі COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін түсірілген және осы ауруға қарсы вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ. Иммундауға арналған препараттарда жәндіктердің құрттары, басқа ла тірі заттар жоқ. Демек, видеоның өзі және ондағы тезистер өтірік.