Жаңалықтар

Дәлелсіз: «The Weeknd музыканты Алматыда болған оқиғаларды болжаған»

Қазнет қолданушылары Қазақстандағы оқиғалар The Weekend музыкантының 2021 жылы шыққан Take my breath әнінің клипінде болжанған деген пікірмен бөлісуде. Бұл конспирологиялық теория.

The Weeknd – тегі эфиопиялық канадалық орындаушы. Оның шын аты – Эйбел Макконен Тесфайе. Музыканттың Қазақстанмен қандай да бір байланысы бары жайлы ешқандай мәлімет жоқ. Қастандық теориясын жақтаушылардың оның клиптерінің бірінен тапқан «дәлелдер» – кездейсоқтық.
Музыкалық бейнебаянның бірінші кадрында қаладағы ғимараттардың бірі «Бәйтерек» монументі сияқты болып көрінеді, алайда клиптегі басқа ғимараттар Нұр-Сұлтан орталығындағы құрылыстарға мүлдем ұқсамайды. 
Ал клиптегі баллондар газ бағасының көтерілуіне байланысты елде митингілердің басталуына себеп болған жағдайды меңземейді. Шын мәнінде, бұл клип кейіпкерлері дем алатын оттегі баллондары. Ән Take my breath деп аталады, ағылшын тілінен «тынысымды тартып ал» деп аударылады. Сондықтан музыкалық видеода көрсетілген адамдардың барлығы дерлік өздігінен емес, оттегі баллонының көмегімен дем алады. Клип соңында бір қыз өз бұрымдарымен музыкантты тұншықтырып, оның «тынысын тартып алады».

Оттегі баллонындағы «Қауіпті!» деген жазу тікелей Қазақстанға қатысты деуге болмайды. Балонның ішіндегі қысымды өлшейтін циферблатта 120 саны көрсетілген. Әртүрлі типтегі көптеген баллондар осы сияқты циферблаттармен жабдықталған және олар бірнәрсені болжайды деп ойлау қисынсыз.
Демек, бейнебаяндағы Қазақстанның белгілері ойдан шығарылған. The Weeknd музыкантының елімізге террорлық шабуыл жасалатынын болжады деген теория – конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button