Fake News

Фейк: «Үлкен адронды коллайдерден күн күшейіп, аптап ыстық болады»

Әлеуметтік желілерді қолданушылар ерекше теорияны алға тартуда. Олардың пікірінше, үлкен адронды коллайдер Күн температурасына әсер етеді, нәтижесінде аптап ыстық болады. Бұл ғылымға қарсы.

Сипатталған теорияны «растайтын» роликте бірнеше фактологиялық қате бар. Мысалы, видео авторы Күн «плазмадан» тұрады дейді, бірақ «плазманың» қандай химиялық зат екенін нақтыламайды. Шын мәнінде, ол негізінен сутегі мен гелийден тұрады. Сондай-ақ оның құрамында аз мөлшерде темір, никель, магний, кальций, хром және басқа элементтер болады. Оны спектрлік талдау – алыстағы ғарыш объектілерінің, оның ішінде жұлдыздардың химиялық құрамын анықтау үшін қолданылатын ғылыми әдіс арқылы анықтауға болады.

Автордың айтуынша, Күн Жердің электромагниттік өрісіне түскендіктен айналады. Бұл олай емес. Шын мәнінде, Күн де, Күн жүйесі де Құс жолы галактикасының бөлігі болып табылады және оның ортасында айналады. Онда Мерген А деп аталатын өте үлкен қара тесік бар, оның гравитациялық күшінің арқасында галактикамыздың барлық нысандары бір-біріне жақын болады және оның  айналасында айналып тұрады. 

Сондай-ақ роликте Күн айналатын тегіс жер моделі қолданылған. Планетамыздың шар тәрізді және Күн мен Күн жүйесінің қалған жеті планетасын айналып тұратыны ғылыми дәлелденген. 

Мұның бәрі сипатталған теорияға скептицизммен қарауға итермелейді, өйткені автор астрономияның негізгі фактілерін шатастырып отырғанда, ғылым туралы сөз қозғау  қажеті жоқ.

Енді үлкен адронды коллайдер теориясын талдайық. Ол 1954 жылы Женевада салынды.

Ғалымдар тәжірибе жүргізу үшін аса қуатты электромагниттерді пайдаланады. Ондағы магнит өрісінің жалпы индукциясы – 8,3 Тл. Бұл Жердің магнит өрісінің индукциясынан 100 мың есе артық. Алайда, бұл жүйе магнит өрісі коллайдерден тыс шықпайтындай және Жердің, әсіресе Күннің жалпы магнит өрісіне әсер етпейтіндей етіп жасалған.

Аптап ыстық болған кезеңдер мен үлкен андронды коллайдерді іске қосудың арасында байланыс жоқ. Ол үш рет іске қосылды: 2009-2013 жылдары, содан кейін 2015-2018 жылдары және 2022 жылы. Ол 2026 жылға дейін жұмыс істейді деп күтілуде.

Әлемде ыстық пен құрғақшылық коллайдер салынғанға дейін болды және оның жұмысына байланысты емес. Планетадағы ең жоғары температура 1913 жылдың шілдесінде АҚШ-та аптап ыстық болған кезде тіркелді. Ол кезде Калифорнияда сынап бағанасыы 56,7 градусқа дейін көтрілген. Бұл температуралық рекорд осы күнге дейін қайталанған жоқ.

Қорыта айтқанда, тараған теория -конспирологтар мен жазық Жер теориясын жақтаушылардың ойдан шығарғаны. Мұндай пікірлерді шын деп қабылдаудың қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button