Fake News

Фейк: «Вакциналарда ауыр металл тұздары бар»

Танымал қазақстандық Telegram-арнада Moderna компаниясы өндірген COVID-19-ға қарсы вакцинада егілгеннен кейін тоғыз айдан соң адамды өлтіретін ауыр металл тұздары бар екендігі туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік.


Алдымен Қазақстанда Moderna компаниясының вакцинасы тіркелмегенін атап өткеніміз жөн, демек, ел азаматтары онымен егілмейді.
Дегенмен, препараттың құрамы құпия емес және баршаға қол жетімді. 
Естеріңізге сала кетейік, ауыр металдарға: сынап, кадмий, мыс, мырыш, кобальт, хром, қорғасын, қалайы, темір, марганец, мышьяк, алюминий, никель және күміс жатады.
Moderna вакцинасының құрамында аталған элементтердің немесе олардың туындыларының ешқайсысы жоқ.
Хабарламаға сәйкес, вакциналардағы ауыр металл тұздары «май молекулаларының аналогы» болып табылатын қорғаныс реагенттерде кездеседі. Бұл жерде липидті нанобөлшектер туралы айтылып отырған болар. Олар вакцинаның құрамында бар, бірақ олар жасушаларға SARS-CoV-2 коронавирусының S-ақуызын кодтайтын генді жеткізетін нәзік мРНҚ-ны қорғайды, соның нәтижесінде патогенге иммунитет қалыптасады. Сондай-ақ, липидті нанобөлшектер де, мРНҚ да ағзаға енгеннен кейін көп ұзамай ыдырайды. Бұл ретте олар адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді.
Липидті нанобөлшектердің ауыр металл тұздарына ешқандай қатысы жоқ.
COVID-19 қарсы вакциналармен егілгеннен кейін тоғыз айдан кейін адамдар өледі деген пікір толығымен негізсіз және фактілерге қайшы келеді. Препараттың клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі 2020 жылдың шілдесінде басталды. Яғни, оған қатысушылар 17 ай бұрын вакцинацияланды. Егер препарат аса қауіпті болып, тоғыз айдан кейін вакцинацияланған адамдарды өлімге әкелетін болса, қазіргі кезде клиникалық зерттеулерге қатысушылардың барлығы болмайтын еді, бірақ бұл олай емес. Сонымен қатар, Moderna вакцинасы әлемнің 83 елінде қолданылады және онымен егілгендер арасында жаппай өлім-жітім тіркелген жоқ.
Демек, таратылған ақпаратта жалған мәліметтер ұсынылған. COVID-19 қарсы вакциналарда ауыр металдар да, олардың тұздары да жоқ. Липидті нанобөлшектер нәзік молекуланы қорғау және препараттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мРНҚ платформасындағы препараттарда ғана қолданылады. Вакцинацияланған адамдар егілгеннен кейін тоғыз айдан кейін өледі деген теория ойдан шығарылған және фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button