Фейк: «Адам папиллома вирусына қарсы вакциналар бедеулікке, нейродегенеративті ауруларға және азғындыққа әкеледі»
Қазнетте адам папиллома вирусына (HPV) қарсы вакциналар өте зиянды және оны жасауға болмайды деп жазылды. Ол бедеулік, нейродегенеративті аурулар тудырып, қыздарды жыныстық өмірді ерте бастауға және өзін еркін ұстауға итермелейді екен. Бұл мәлімдемелерді талдап шығайық.
Вакциналар бедеулікке әкелетіні туралы қауесет вакцинацияға қарсы адамдар арасында кеңінен танымал. Есесіне, әр уақытта әртүрлі препараттар туралы айтылады. Сіреспе, тұмау және COVID-19 қарсы вакциналарын бедеулік тудыруы ықтимал деген пікір қалыптасты.
Шын мәнінде, әлемде қолданылатын вакциналардың ешқайсысы фертильділікке әсер етпейді. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация да. Бедеулік пен осы егу арасындағы байланысты жоққа шығаратын бірқатар зерттеулер бар.
HPV қарсы егілгендерде нейродегенеративті аурулар дамиды деген ақпарат дәлелденбеген. Қолданыстағы АПВ қарсы вакцинаның қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен расталған. Ол әлемнің 130-дан астам елінде қолданылады, яғни әр мемлекетте препарат жеке тексеруден өтті.
Вакцинация нәтижесінде нейродегенеративті ауру дамыған жағдайлар тіркелген жоқ.
HPV-ге қарсы егілген қыздар вакцинацияланбаған құрдастарынан бұрын жыныстық қатынасқа түсе бастайды және жыныстық тәртіп болмайтыны туралы пікір жалған.
Бұл мәлімдемелерді ғалымдар тексерді. 2014 жылы жарияланған зерттеу аясында мамандар Швеция, Дания және Норвегия елдерінде 40 мыңнан астам әйелдің деректерін салыстырды. Олардың бір бөлігі АПВ қарсы егілген, ал бір бөлігі егілмеген. Қыздардың жасы 18 мен 45 жас аралығында болды. Барлық алынған мәліметтерді егжей-тегжейлі талдау нәтижесінде вакцинаның қатысушылардың жыныстық мінез-құлқына еш әсер етпегені анықталды.
Осы тақырыптағы тағы бір зерттеу жасөспірімдердің мінез-құлқына арналды. Ғалымдар 13-21 жастағы қыздардан жыныстық өмір, вакцинация жағдайы және т.б. туралы сұрақтары бар сауалнамалар толтыруды өтінген. Қатысушылар алты ай бойы осындай сауалнамалардан өткен. Осыдан кейін ғалымдар алынған деректерді талдап, АПВ қарсы егу жыныстық өмірдің басталу уақытына немесе серіктестер санына әсер етпеген деген қорытындыға келді.
Демек, АПВ қарсы екпенің зияны туралы таралған хабарлама өтірік болып табылады.