Fake News

Фейк: «Балабақшада ауру тудыратын химикаттар шашқан»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде балабақша ғимаратында белгісіз сұйықтық шашқан адамның видеосы таралуда. Онда мекеме тәрбиеленушілерінің ата-аналарының наразылық білдіргені естіледі. Олардың пікірінше, балалардың ауыруына осындай өңдеулер себеп болуда. Бұл жағдайға аудандық білім бөлімі түсініктеме берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қыздар Әлемі (@kyzdar.alemi.kz)

Видео Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Әсем» балабақшасында түсірілген.

Білім бөлімінің хабарлауынша, мекемеде балаларды улағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Шын мәнінде, видеоға түсірілген жайт дезинсекция барысы болып табылады.
– 10 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында Жылыой Дезсервис «Әсем» балабақшасында ата-аналар балаларды алып кеткеннен кейін құрт-құмырсқаларға қарсы дезинсекция жүргізді. Бұл кезде балалар өз тәрбиешілерімен бірге аулада болды. Видеоны түсіріп, әлеуметтік желіге шығарған ата-ананың баласы 10 қыркүйекте балабақшаға келмеген. Анасы ұлының киімін алып кету үшін сағат 18.00 шамасында балабақшаға келген. Балабақша қызметкерлері оған дезинфекция туралы бәрін түсіндіруге тырысып, ескертті, бұған қарамастан ол балаларды улау туралы жалған ақпарат таратқан», – делінген Жылыой аудандық білім бөлімінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство «Әсем» балабақшасы мекеме туралы жалған ақпарат таратқан ата-аналарға құқық қорғау органдарына шағым беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Демек, балабақшада ауру тудыратын химиялық заттарды шашып, балаларды улайтыны туралы ақпарат фейк болып табылады. Кадрларда дезинсекция процесі, яғни мектепке дейінгі мекеме ғимаратындағы құрт-құмырсқаларды улау барысы түсірілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button