Fake News

Фейк: «COVID-19 өлімге әкелетін ауру емес»

Қазнет пайдаланушылары австралиялық телеарналардың бірінің жаңалықтарымен бөлісуде. Онда елде 2022 жылғы қаңтар-маусымда COVID-19-дан 902 мың науқастың тек 18-і ғана қайтыс болды деп айтылады. Бұл хабарлама жалған және манипуляция. Неге  екенін түсіндіріп өтейік.

Әлеуметтік желілердее австралиялық 9news телеарнасының жаңалықтар сюжетінің редакцияланған түрі тарады. Бұл шығарылымның толық нұсқасын 9news ресми Twitter аккаунтынан табуға болады.

Оған сәйкес, сюжетте тұтастай Австралия туралы емес, оның бір штаты – Батыс Австралия (WA) туралы ғана айтылған. 

Сондай-ақ сюжетте омикрон вирусының нұсқасы оған дейін таралған мутациялар сияқты өлімге әкелмейтіні айтылған. 2022 жылғы қаңтар-маусым айларында штатта 902 мың адам ауру жұқтырған, оның ішінде 192-сі адам қайтыс болды. Олардың 18-де қатар жүретін аурулар болмаған, ал өлімнің себебі – вирус. 49 жағдайда вирус пневмония сияқты асқынуларға әкелген. Нәтижесінде науқастар көз жұмған. 31 адамда қатар жүретін аурулар болды. 94 науқас вирус пен қатар жүретін аурулардан туындаған асқынулардың салдарынан қайтыс болды.

Демек, 18 адамның өлгені туралы хабарламалар манипулятивті және контекстен үзіп алынған.

Сонымен қатар жаңалық сюжетінің толық нұсқасында Австралия шұғыл медицина университетінің докторы Питер Аллелимен сұхбат бар. Оның айтуынша, 2022 жылы COVID-19-дан болған өлімінің салыстырмалы түрде төмен деңгейі елдегі вакцинация деңгейінің жоғары болуымен  тікелей байланысты. Вакциналардың арқасында пациенттер аурудың жеңіл түрімен ауырады.

Қорыта айтқанда, таралған жаңалықтар сюжетінде COVID-19-дан болатын өлім туралы «шындық» айтылмаған, тек статистика келтіріліп, вакцинацияның орасан зор оң әсері атап өтілген.

Covid-диссиденттер статистиканың бір бөлігін контекстен үзіп алып, видеоны вакциналардың пайдасы туралы сұхбат кірмейтіндей етіп қиған. Ақпарат бұрмаланып, адамдарды шатастыратындықтан, бұл видеоға сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button