Дәлелсіз: «Ресейде аштық болуы үшін малды вакциналармен әдейі өлтіреді»
Telegram чаттарында қолданушылар Амур облысында түсірілген бейнені таратуда. Онда жерде жатқан шошқаға толы қора көрсетілген. Видеода жануарлар вакцинация нәтижесінде өлген, оларды аштық тудыру үшін әдейі вакцина салып өлтірген деп жазылған. Бұған ешқандай дәлел жоқ.
Малды егу көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде міндетті процедура болып табылады. Егілмеген жануарлардың етін сатуға және жануар өсірілген аймақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
Алайда, видеода көрсетілген шошқалардың вакцинацияланғанына ешқандай растаулар жоқ. Малдың өліміне екпенің себеп болғанын дәлелдеу мүмкін емес.
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Амур аймағында африкалық шошқа обасының бірден екі ошағы анықталғаны белгілі. Осыған байланысты 30-дан астам жануарды жоюға тура келді. Жыл басынан бері үш мыңнан астам мал осы аурудың құрбаны болды.
Африкалық шошқа обасы адамдар үшін қауіпті емес. Ал жануарлар үшін бұл аурудан болатын өлім 100% құрайды, бұл өте жұқпалы ауру. Оған қарсы вакциналар жоқ. Демек, видеода көрсетілген шошқалардың африкалық обаға қарсы егілуі мүмкін емес.
Яғни, Амур аймағында мал өлімінің ықтимал себебі вакцинациядан гөрі аурудың өршуі болып табылады. Малдың екпеден кейін жаппай қырылғанына ешқандай дәлел жоқ.
Әлемнің құпия үкіметі аштық ұйымдастыруға ниетті деген пікір қастандық теорияларын жақтаушылар арасында кеңінен тараған. Алайда, мұндай қауесеттерге негіз бар деп айта алмаймыз. Біз осындай фейктерді бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.
Фейк: «Елімізде аштық болады, адамдар бір бөлке нан үшін вакцина салдыруға мәжбүр болады»