Fake News

Фейк: «Алматыда мектептердің бірінде оқушылардың есімдері нөмірмен алмастырылған»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Алматы қаласындағы №87 мектепте педагогтардың балалардың аты-жөнін атауды қойғаны туралы жазуда. Оның орнына әр балаға әріп пен сан берілген екен. Бұл жалған.


Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.

– Аталған фактілерді тексеру барысында №87 ЖББМ КММ оқушыларын әріп және нөмір бойынша атау туралы ақпарат расталған жоқ, – деп хабарлады Алматы Білім басқармасының бас маманы Қуандық Ешімет.

Демек, таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button