Fake News

Фейк: «Канада билігі вакцинацияланбаған адамдарды тұрғын үй құқығынан айырды»

Қазнет пайдаланушылары әлемдік жаңалықтармен бөлісуде. Олардың айтуынша, Канадада Онтарио қаласының құқық қорғаушылары вакцинацияланбаған адамдардың енді баспанаға құқығы жоқ деп мәлімдеген екен. Бұл жалған.


Бұл фейк Онтарио Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының (OHRC) қаулысын түсінбеуге және дұрыс аудармауға негізделген. Құжат биыл 22 қыркүйекте шыққан және «Міндетті вакцинация және вакцинация сертификаттарын растау туралы OHRC саясатын бекіту» деп аталады.
Бұл ретте тұрғын үй құқығы емес, қоғамдық орындар мен мекемелерге бару сөз болып отыр. Бұл туралы құжаттың бірінші абзацында айтылған.
Атап айтқанда, OHRC мекемелерге екпе салдырмаған және осы процедураға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға орын бермеуді ұсынады.
Қолданушыларды ережелерде қолданылатын accommodation сөзі шатастырған болар. Оны «тұрғын үй» деп аударуға болады. Алайда, бұл термин кең мағынада «тұратын, жұмыс істейтін немесе уақытша тоқтайтын жер» дегенді білдіреді. Мысал ретінде Оксфорд сөздігінде мынадай сөйлем көрсетілген: First-class accommodation is available on all flights. Ол «Бірінші класты орындар барлық рейстерде қолжетімді» деп аударылады.
Демек, Канада билігі КВИ қарсы вакцина алмағандарды тұрғын үй құқығынан айырды деген ақпарат дұрыс емес. Ол ресми қаулыны қате аударуға және фактілермен манипуляциялауға негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button