Конспирология: «Терминатор» вакцинациядан кейін адамдар 5G-мен басқарылатын роботтарға айналатынын болжады
Әлеуметтік желі қолданушылары «Терминатор» фильмінің бірінен қорқынышты «болжамды» байқаған. Фильмде вакцинациядан кейін адамдар роботтарға айналады деп айтылған екен.
Роликте «Терминатор: Генезис» фильмінен үзінді көрсетілген, бұл 2015 жылы шыққан фантастикалық экшн-фильмнің 5-ші бөлімі. Фильмнің кейіпкерлері Джон Коннордың жағдайын талқылайды. Т-800 (Арнольд Шварцнегер) «Скайнет (жасанды интеллект жүйесі) адамдарға «барынша жұмыс істеу үшін жасушалық деңгейде тінді қайта құрылымдайтын» нанороботтары бар зат енгізгенін айтады.
Авторлар Терминатор сипаттаған процестен вакцинацияның салдары туралы болжамды және вакциналарда нанороботтар бар деген кеңінен тараған қастандық теорияны байқайды. Бұл жалған, ол туралы мына жерден оқи аласыздар.
Т-800 Джон Коннордың қазіргі күйі магнит өрісімен байланысатынын айтқан кезде 5G бағаналарының суреті көрсетіледі. Бұл да қастандық теорияларын жақтаушылардың пайымдарының бірі, яғни, екпе салдырған адамдарды жаңа байланыс технологиясының көмегімен басқаратын болады. Біз бұл мифті де жоққа шығардық.
«Ақылды тозаң» және 5G технологиясы адамдардың санасын басқарады – фейк
Қорытынды: авторлар фантастикалық фильмнің үзіндісін танымал қастандық теорияларын тарату үшін қолданған.