Жалған: «Канадада өсімдіктер вакцинамен өсіріледі»
Әлеуметтік желі қолданушылары өсімдіктерді вакцинамен өсіру туралы бейнені талқылайды. Канадада кез-келген жобаны өсімдіктерге енгізуге болатын жоба басталды.Әлеуметтік желі қолданушылары өсімдіктерді вакцинамен өсіру туралы бейнені талқылайды. Канадада өсімдіктерге кез-келген вакцинану егуге болатын жоба қолға алынған екен. Шындығында, жарияланым авторы видеодағы ақпаратты қате түсіндірген.
Ең алдымен, SARS-CoV-2 вирусына қарсы мРНҚ вакциналарын жасау процесінде жануарлар мен адам жасушаларының дақылдарын қолдануға болатындығын атап өткен жөн. Бірақ вакциналардың өзінде жануарлардың немесе адамдардың жасушалары да, тіндері де болмайды. Вакцинадағы жануар ингредиенті – акуланың сквалені. Бұл акуланың бауыр майы. Ол иммундық реакцияны арттыруға және ынталандыруға көмектеседі. Сондықтан оны кейде вакцинаға қосады.
Әлеуметтік Желіде жарияланған видеода Канаданың Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 25 ақпанда мақұлдаған COVID-19-ға қарсы өсімдік негізіндегі вакцина туралы айтылады. Оны 18 бен 64 жас аралығындағы ересектерге қолдануға рұқсат етілді. Бұл шешім 24 мың ересек адамды зерттеуге негізделген. Сынақтар вакцинаның COVID-19 алдын алуда 71% тиімді екенін көрсетті.
Өсімдік вакцинасын әзірлеумен Квебектегі Medicago фармацевтикалық компаниясы айналысты. Оған негіз ретінде темекі өсімдігімен тектес Nicotiana benthamiana алынды. Ол коронавирустың тікенді ақуызына еліктейтін вирус тәрізді бөлшектерді шығаратын тірі фабрикаға айналды. Дайын бөлшектер өсімдік жапырақтарынан алынып, тазартылды. Инъекция жасау үшін оларды британдық-америкалық GlaxoSmithKline компаниясы шығарған адъювантпен араластырды.
Канадада жарияланымда айтылғандай өсімдіктерге вакциналар екпейді. Темекі жапырақтары тек вирус тәрізді бөлшектерді өсіру үшін ғана қолданылады, кейін олар вакцина жасау үшін пайдаланылады. Демек, жарияланым – фейк.