Fake News

Фейк: «Қатерлі ісік, диабет және артрит вакциналар әзірленгеннен кейін пайда болды»

Қазақстандықтар мессенджерлерде вакциналарды ойлап тапқаннан кейін қатерлі ісік, диабет, демікпе, артрит, аутизм және Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы (СДВГ) сияқты көптеген жаңа, аса қауіпті аурулардың пайда болғаны туралы ақпарат таратуда. Мұның неге жалған екенін айтып берейік.

Әлемдегі алғашқы вакцинаны 1796 жылы Едвард Дженнер жасап шығарды. Ол шешек ауруынан қорғады. Ал бірнеше жылдан кейін, 1801-1802 жылдары АҚШ пен Ресей империясы сияқты кейбір елдерде жаппай вакцинация басталды.  Ол кезде хабарламада аталған аурулардың көбі адамзатқа белгілі болған.

Мысалы, қатерлі ісік туралы жазбаша дереккөздерде алғаш рет б.з.д. 1500 жылы айтылған. Ежелгі Мысыр папирусында кеудедегі ісіктің сегіз жағдайы егжей-тегжейлі сипатталған. Ежелгі Грекияда қатерлі ісіктен ағзада қара өт пайда болады деп сенген.

Демікпенің алғашқы белгілері б.з.д. 2600 жылы сипатталған. Бұл туралы Ежелгі Қытай жазбаларында айтылған. «Демікпе» атауын екі мың жылдан кейін Гиппократ қолданысқа енгізген. Ол ауру белгілерінің пайда болуын қоршаған ортаның әсерімен және кәсіби қызметпен, мысалы, ұсталық өнермен байланыстырған.

Диабет туралы алғаш рет б.з.д. 1552 жылы Ежелгі Мысыр папирустарында айтылған. «Диабет» терминін лексикаға б.з. д. 150 жылы грек дәрігері Аретей енгізген.

Артрит белгілерінің ең алғашқы сипаттамалары б.з.д. 4500 жылға дейінгі жазбаша деректерден табылды. Біздің заманымыздың 123 жылы ревматоидты артритке тән белгілер алғаш рет егжей-тегжейлі жазылған. 1600 жылға дейін бұл ауру сирек кездесетін дерт болып саналды, бірақ симптомдар кейіннен адамдарда жиірек байқала бастады. Бұл аурудың алғашқы толық сипаттамасын 1800 жылы француз дәрігері Августин Жакоб Ландре-Бове жасаған. (https://www.news-medical.net/health/Arthritis-History.aspx)

СДВГ немесе Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы диагнозы енді ғана қойылып жүр. Алайда, бұл аурудың жақында пайда болғанының белгісі емес. Синдромға тән белгілердің алғашқы сипаттамалары б.з.д. 460-375 жылдары өмір сүрген Гиппократтың жазбаларында кездеседі. Шотланд дәрігері Александр Крейтонның 1798 жылы жарық көрген кітабында СДВГ белгілері егжей-тегжейлі сипатталған. Ал 1980 жылдары ауруға толық түсінік берілген. Содан бері ғалымдар гипербелсенділік, аралас және т.б. СДВГ түрлерін бөліп көрсете бастады.

Аутизм де қазіргі заманғы ауру болып саналады, бірақ бұл олай емес. Әңгіме жалпы медицинаны, психиатрияны дамыту жайлы болып отыр. ХХ ғасырға дейін аутистік спектр бұзылыстары бар адамдарды да, психикалық ауруы бар адамдарды да «жарыместер» деп атап келді. Аутизмді және оның белгілері алғаш рет 1846 жылы сипатталған, ал «аутизм» термині және аутистік спектр бұзылыстары түсініктері тек ХХ ғасырда ғана пайда болды.

Демек, хабарламада аталған аурулардың барлығы алғашқы вакцина әзірленгенге және жаппай егу науқандары басталғанға дейін болған. Біз вакциналар қатерлі ісік, аутизм және басқа да ауруларды тудырады деген фейкті жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Нәресте кезде жасалған вакцинация сарғаюды тудырады»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button