Fake News

Интернет-алаяқтар «Бәйтерек» холдингі атынан ірі ұтыстар өткізуде

Қазнетте «Бәйтерек» ходингінің логотипімен жарнамалық хабарламалар таратылуда. Онда қатысушылар қысқа уақытта миллионер болмаса, 100 мың доллар көлемінде кепілдендірілген сома беріледі делінген. Бұл алаяқтардың ісі.

Біз желідегі алдаудың осындай схемасы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдері мұндай ұтыс ойындарына және осындай хабарландыруларға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады – бұл алаяқтардың әрекеті.

«Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған посттарда сілтеме жасалған «Мемлекеттік цифрлық платформаға» және «Бәйтерек Инвест платформасына» «Бәйтерек» холдингінің ешқандай қатысы жоқ», – делінген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, барлық шынайы нақты ақпарат Холдингтің ресми парақшаларында жарияланады:

Instagram;

Facebook;

YouTube;

Twitter;

Telegram.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі алаяқтардың арандатуына бой алдырмауға шақырады. Сонымен қатар, пайдаланушылардан Холдингтің ресми парақшалары арқылы алаяқтардың посттары туралы хабарлауды сұрады.

Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіздер.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button