Fake News

Фейк: «АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының құжаты карантиндік лагерьлердің бар екендігін дәлелдейді»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде отбасы мүшелері бір-бірінен оқшауланатын, ал ата-аналарға балаларын көруге тыйым салынатын карантиндік лагерьлердің бар екенін дәлелдейтін бір құжат туралы бейнероликпен бөлісуде. Мұндай ұсыныстар АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми сайтында жарияланған екен. Бұл жалған.

Бейнеролик барысында скриншоттары көрсетілген мақала CDC сайтында жарияланған, бірақ онда арнайы лагерьлер салу, отбасыларды мәжбүрлеп бөлу және балаларды тартып алу туралы айтылмаған.

Материал «Гуманитарлық жағдайда COVID-19 жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс тәсілін қолдану бойынша аралық жедел ойлар» деп аталады. Онда мамандар ауру жұқтыру қаупі жоғары адамдар мен оны жұқтыру қаупі аз адамдарды физикалық тұрғыдан бөлудің белгісі болып табылатын ауру жұқтырудың алдын алудағы қорғаныс тәсілін сипаттайды, бұл.  Бұл ретте мәтінде мұндай әдісті қолдану үшін жеке ғимараттар салудың қажеті жоқ екендігі айтылған – мысалы, үйдегі жеке бөлмелерді немесе бұрыннан бар мектептерді, ауруханаларды және басқа үй-жайларды пайдалануға болады.

Сондай-ақ, мақала авторлары бұл тәсіл ешқашан құжатталмағанын және сұрақтар мен қорқыныш сезімін тудырмағанын айтады.

– Бұл тәсіл әртүрлі гуманитарлық жағдайларда COVID-19 індеті кезінде аурушаңдық пен өлім-жітімнің жоғарылауына, азаюына әкеле ме, әлде мүлдем әсер етпейтініне эмпирикалық дәлелдер жоқ. Бұл құжатта а) осы тәсілді іске асырудың тәуекелдері мен проблемалары; б) әлеуеті шектеулі салаларда қосымша ресурстарға қажеттілік; в) белгісіз мерзімдер; г) ықтимал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қолайсыз салдар атап көрсетілген, – делінген мақалада.

Айта кетейік, бұл материал өткен жылдың 26 шілдесіне шыққан және бүгінгі күні қорғаныс тәсілі мақала жарық көрген АҚШ-та да, Қазақстанда да толық дәрежеде қолданылмайды.

Демек, CDC сайтындағы материал лагерьлер салу мен отбасыларды бөлу бойынша ұсыныс болып табылмайды. Онда барлық кемшіліктері, қауіптері мен ықтимал салдары көрсетілген аурудың алдын алудың мүмкін әдістерінің бірі ғана сипатталған. Бұл ретте авторлар мұндай әдістің тиімділігі туралы мәліметтер жоқ екенін бірден ескертеді.

Бұған дейін USA Today басылымы CDC медициналық көмекке мұқтаж адамдарды лагерьлерде ұстауға, сондай-ақ олардың туыстарымен және жақындарымен қатынасуына тыйым салуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаған болатын.

Әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда салынып жатқан кейбір концлагерьлер туралы қауесет қастандық теориясын жақтаушылар арасында кеңінен тараған. Біз мұндай хабарламаларды жоққа шығарған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button