Fake News

Шымкентте құбырдан ағып тұрған сыра туралы ақпарат – әзіл

Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Шымкентте жекеменшік компания қала тұрғындарының пәтеріне тікелей құбыр тартып, сыра жеткізуді жолға қойғаны жаңалықтар сюжетімен бөлісуде. Көбікті сусын ішкіңіз келсе, кәсіпорынмен келісімге отырып, ай сайын абоненттік төлем төлеп тұруыңыз керек. Бұл әзіл.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – «Перовск телеарнасы» Instagram аккаунты. Оның авторлары күлкілі видеолар түсіріпп, оны теледидардағы сюжеттерге ұқсатып монтаждайды. Сонымен қатар, әр видеода оның ойын-сауық мақсатында түсіріліп, шындыққа жанаспайтыны жазылған жүгіртпе жол болады.
Бұған дейін қолданушылар осы «телеарнаның» әзіл жаңалығын шын деп қабылдаған жағдай туралы айтқан болатынбыз. Ол кезде «Перовск» тілшілері Қазақстанда құтымен атақты адамдардың сілекейі сатылатыны туралы хабарлаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button