Фейк: «5G чипінің жұмысы видеоға түсірілді»
Желі қолданушылары таз адамның басына шеңбер түрінде таралған ерекше толқындар көрсетілген қысқа бейнені таратады. Қастандық теориясын жақтаушылар вакцинация нәтижесінде миға енгізілген 5G чипі нақ осылай жұмыс істейді дейді. Бұл фейк.
Шындығында, бұл видео жақында Желіде пайда болған мем. Ол тез таралды, бірақ бұл әзіл ғана. Роликте адам миының 5G сигналын қабылдағаныны көрсетілгені де ойдан шығарылған.
Видео кейіпкерінің басына жапырақ пен қоқыс тазартуға көмектесетін құрылғы бақша желдеткішінен жел соғып тұрған секілді.
Мұндай құрылғыларда дөңгелек саңылаулар болады, бейнедегі ер адамның терісіндегі дөңгелек толқындарды осылай түсіндіруге болады. Ауаүрлегіштер ауаны сағатына 400 км-ден астам жылдамдықпен үрлей алады, бұл роликте көрсетілген әсерді қалыптастыру үшін жеткілікті. Желіде 300 км/сағ жылдамдықпен жел соқса, адамның бет-әлпетімен не болатыны туралы бейнемысалдарды табуға болады.
Бұл ретте адамдардың бет-әлпетінен қазақстандықтар таратқан роликте көрсетілгендерге ұқсас толқындар анық көрінеді. Осындай толқындарды таз бас терісінен де көруге болады.
YouTube-те адамдар бақша ауа үрлегіштерін өздеріне бағыттаған видеолар көп. Күшті ауа ағыны олардың терісінде «толқындар» түзеді, егер бейнені баяулатсаңыз, олар айқын көрінеді.
Бұл техниканы, мысалы, GIF-мем жасаушылар қолданады.
Вакциналардағы 5G сигналдарын қабылдай алатын чиптер туралы теория – конспирологиялық. Ол расталған жоқ және бірнеше рет теріске шығарылды.
Біріншіден, вакциналардың құрамында қандай да бір сигналдарды қабылдайтын немесе тарата алатын чиптер немесе басқа гаджеттер жоқ.
Осы сияқты теориялар 2009 жылы доңыз тұмауына қарсы жаппай вакцинация кезінде тарады, бірақ сол кезде-ақ олар өздерінің толық дәрменсіздігін дәлелдеді. Екіншіден, COVID-19 қарсы вакцинация мен 5G форматындағы желілердің арасында ешқандай байланыс жоқ.