Fake News

Фейк: «Танымал дәрігер коронавирустан жазылу үшін аш қарынға сарымсақ жеуге кеңес береді»

Қазақстандықтар мессенджерлерде шұғыл балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ президенті Леонид Рошальдің аудиожазбасын таратуда. Хабарламада ол COVID-19 жұқтырудың алдын алу үшін күн сайын таңертең аш қарынға сарымсақ жеуге кеңес береді. Бұл – ескі фейк.

Бұл хабарлама өткен жылдың наурыз айында Желінің ресейлік сегментінде тараған. Ол кезде оны Леонид Рошальдің өзі жоққа шығарған болатын.
– Текжоқ сөзді таратудың қажеті жоқ. Былайша, бәрі жақсы. Қазір интернетте Рошальдің дауысымен сқйлеп тұрған ер адамның видеосы тарады, ол күн сайын таңертең сарымсақ жеп, ыстық су ішсе, коронавирус болмайтынын айтады. Бұл Рошаль емес. Рошаль – сізбен сөйлесіп тұрған адам», – деді ол «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар, доктор Рошаль COVID-19 алдын алу шаралары ретінде адамдарға көп шоғырланған жерлерге бармауға, суық тиюдің белгілері бар адамдармен байланыста болмауға және жеке гигиена ережелерін сақтауға кеңес береді.
Сарымсақты КВИ-мен күресте ең тиімді құрал ретінде бұған дейін де ұсынған. Алайда, бұған ешқандай дәлелдер жоқ. Сарымсақтың COVID-19 алдын алу құралы ретінде дәлелденген тиімділігі жоқ. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Сарымсақ суы SARS-Cov-2 антиденелерінің пайда болуына әсер етпейді

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button