Fake News

Фейк: «Арнайы деректер базасы арқылы «Спутник-V» вакцинасымен егілендерді бақылауға болады»

Әлеуметтік желілерде «Спутник-V» вакцинасында чиптердің болуының «дәлелі» бар хабарлама таратылуда. Бұл теорияны растайтын видеода автор досына вакцинамен бірге енгізілген микрочипке қосылады. Пайдаланушы дерекқорды даркнеттен жүктегенін айтады. Енді ол кез келген уақытта оның егілген жолдасының қайда екенін, тіпті не істеп жатқанын біле алады. Бұл видеоның неге шындыққа жанаспайтынын айтайық.

Назар аударарлық жайт – жазбаның өзінде көрсетілген бейненің жарияланған күні: 1 сәуір. Видео әзіл немесе қалжың ретінде түсірілген болар.
Дегенмен, әзілді Желі қолданушыларының бәрі бірдей түсінбеген сияқты. Бейне кеңінен тарап кетті. Бұған дейін ролик Украинаның Интернет сегментінде тараған болатын. 
Ол кезде оны VoxUkraine басылымы жоққа шығарды.
Шын мәнінде, видео авторы Linux операциялық жүйесінің консолін көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы жүйені, файлдарды басқара алады, суреттер мен медиа файлдарды көреді және басқада операцияларды орындайды.
Видеоның басында автор компьютердегі Test.mp4 аудио файлымен белгілі бір әрекетті орындайды. Осы кезде ол «даркнеттен вакцинацияланған адамдардың мәліметтер базасын» тапқанын айтады. Даркнет – бұл Google, Яндекс және т.б. қарапайым іздеу жүйелерімен индекстелмеген интернет бөлімі. Әдетте, даркнетке кіру үшін Tor сияқты арнайы браузерлер қажет, ал осы немесе басқа сайтты табу үшін оның нақты мекен жайын білу керек. Көбінесе даркнеттегі порталдарда біз үйренген .com,. ru,. org. және т.б. орнына onion домені болады.
Даркнет толығымен анонимді болғандықтан, ол тыйым салынған заттар, қару-жарақтар сату, заңсыз ақпарат тарату және т.б. заңсыз әрекеттер үшін жиі қолданылады. Алайда, даркнетте COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдардың мәліметтер базасын жүктеуге болатындығына ешқандай дәлел жоқ.
Одан әрі видео авторы SHH командасын қолданады. Linux және Windows операциялық жүйелерінде ол қашықтағы серверге қосылу қызметін атқарады. Бұл ретте қашықтағы сервер SHH командасы қолданылатын компьютерден алыс болуы міндетті емес. Қашықтағы сервер дәл сол құрылғыда орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда ол жергілікті хост болады.
Автордың жергілікті хостқа қосылғанын экранда The authenticity of host жолындағы 127.0.0.1 сандарынан көруге болады.
Бұдан кейін видеоны түсіруші CPU info-ны қарайды. Бұл құрылғы жұмыс істейтін процессор туралы мәліметтер. Бұл жағдайда – видео авторының компьютері.
Model name бағанында (модель атауы) оның құрылғысы Elbrus-e2k-e2c + процессорында жұмыс істейтіні жазылған. Ресейде шығарылған бұл микропроцессордың өлшемдері 37,5 мм × 37,5 мм. Яғни, оны сұйық вакцина түрінде инъекцияға арналған инемен енгізу мүмкін емес.
«Спутник-V» вакцинасында «Эльбрус» процессорларының көмегімен жұмыс істейтін құрылғылар бар деген танымал фейкті біз бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Спутник-V вакцинасының құрамында «Эльбрус» процессорынан басқарылатын сұйық кристалды чиптер бар»

Қорыта айтқанда, видео вакциналарда чиптердің болуын мүлдем дәлелдемейді, бірақ IT-технологияларды білетін пайдаланушының әзілі. Ол видеода өз компьютеріне қосылып, өз компьютерінің процессоры туралы ақпаратты қарайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button