Fake News

Сатира: «Қазақстанда атақты адамдардың сілекейін сата бастады»

WhatsApp-та Қазақстанда құтымен сілекей сатыла бастағаны туралы жаңалықтар сюжеті таратылуда. Бұл жалған.

Шын мәнінде, бұл видео редакторларда жасалған және әзіл болып табылады. Бұл туралы экранның төменгі жағындағы жүгіртпе жолда жазылған.
«Бұл әзіл видео көңіл көтеру мақсатында әзірленіп, таратылуда. Сюжеттегі көрініс толығымен ойдан шығарылған және қосымша материалдар ретінде YouTube видеохостингінде қолжетімді видеолар қолданылған», – делінген жазбада.
Бұл видеоның түпнұсқасы @perowsk Instagram-аккаунтында шыққан. Бұл парақшадан басқа да әзіл видеоларды көруге болады. Айта кетейік, жазылушылар жарияланған контенттің қалжың екенін біледі және оған мән бермейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button