Зерттеу нәтижелері: вакцинацияға қарсы адамдар саны аз, бірақ олар әлеуметтік желілерде белсенді
Бүкіл әлем ғалымдары антивакцинаторлар феноменін зерттеуде. АҚШ-тың зерттеушілер тобы Facebook-тің 100 миллионнан астам пайдаланушысының хабарламасына талдау жасалған мақала жариялады. Математикалық есептеулерге сүйене отырып, олар вакциналардың зияны туралы қастандық теориялары желіде неге бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болады және олардың негізгі таратушылары кім деген сұраққа жауап беруге тырысты.
Еңбек авторлары – Мичиган мемлекеттік университетінің, Лос-Аламос ұлттық зертханасының және Майами университетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Джордж Вашингтон институтының зерттеушілері. Нәтижелер 2020 жылдың мамыр айында Nature журналында жарияланды.
Ғалымдар Facebook-тегі 100 миллион адамның жарияланымдары негізінде ауқымды зерттеу жүргізді. Кластерлерді талдағаннан кейін вакцинацияға қарсы адамдар қауымдастығы өте аз деген қорытындыға жасалған – олардың саны 4,2 миллион адамды құрады. Про-вакцинаторлар кластеріне 6,9 млн адам кірді. Сондай-ақ, 74,1 миллион пайдаланушы «анықталмаған» ең үлкен топқа жатқызылды.
Алайда, вакцинацияға қарсы адамдар өздерін вакцинаға қарсыла немесе вакцинацияны жақтаушы адамдарға жатқызбайтындардың үрейін алатын сілтемелер мен идеяларды тарату арқылы Желіде анағұрлым белсенді болған. Дәл осы қауымдастық вакцинациядан бас тартуды насихаттайтын сілтемелер мен көпмедиялық файлдардың таралуына үлкен әсерін тигізген.
Жағдай ірі бұқаралық ақпарат құралдары мен фактчекерлердің назарынан тыс қалған антивакцинаторлардың жергілікті онлайн-қауымдастықтарының пайда болуымен қиындай түсті. Осылайша, олардың аздығына қарамастан, вакцинацияға қарсы тұлғалар өздерінің ақпараттық алаңын құра алды. Ол қастандық теориялары таратылып, вакциналардың пайдасын растайтын ғылыми фактілер жоққа шығарылады. Бұл қастандық идеялары біреуге зиянсыз және күлкілі болып көрінуі мүмкін, бірақ зерттеу авторлары вакциналардың зияны туралы теорияларды кеңінен тарату 2019 жылы қызылшаның өршуіне әкелгенін еске салып өтті. Ол кезде АҚШ-тың өзінде 1 282 инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген, олардың 119-ы ауруханаға жатқызылды. Науқастардың көбі вакцина алмағандар.
Ғалымдар Софи Милан мен Шарлотт Хардман осы жылдың наурыз айында The Lancet журналында конспирология мен вакцинацияға қарсы идеялардың таралуына қарсы қалай күресуге болатындығы туралы мақала жариялады. Олар өз еңбектерінде вакцинацияға қарсы адамдарды табынудың ізбасарларымен салыстырады. Сондай-ақ, мұндай қабылдау қоғамның бөлінуіне ықпал ететінін және вакцинацияға қарсы адамдардың көзқарасын одан әрі күшейтуге және оларды медицинаға сенетін адамдардың негізгі бөлігінен оқшаулауға жол беретінін көрсетеді. Мамандар вакцинаға қарсылық танытушылармен ашық диалог орнатуға шақыруда.
Әртүрлі елдерде жалған ақпаратпен күрес қалай жүргізілетіні туралы біз бірнеше рет жазған болатынбыз.
Алайда, кейде бұл әдістер жеткіліксіз болады. Көп жағдайда өтірік пен манипуляция әлеуметтік желілерде таралады және ресми органдардың назарынан тыс қалады. Сондықтан ақпаратты тексеру, сенімді дереккөздерді анықтау және қауесеттерге күмәнмен қарау өте маңызды.
Интернетте тараған хабарламаны немесе әлеуметтік желілердегі ақпараттарды StopFake.kz порталының командасына жазу арқылы тексере аласыздар.