Фейк: «Адамдар COVID-19-дан басқа аурулардың өлуін тоқтатты»
Қазақстандықтар Telegram-чаттарда «Коронавирус бәрін емдеді» деген ақпарат таратуда. Олардың пайымдауынша, пандемия басталған кезде адамдар COVID-19 басқа, қатерлі ісік, жүрек аурулары және басқа аурулардан өлуді тоқтатты. Бұл жалған.
Мұндай тұжырымдарға ешқандай негіз жоқ. Олар Қазақстан мен әлемдегі өлім-жітімнің ресми статистикасына қайшы келеді.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылы елімізде жалпы 161 333 адам қайтыс болған.
2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың 16 маусымына дейін COVID-19-дан 4 211 адам көз жұмған. Бұл өлімнің басым бөлігі COVID-19 нәтижесінде емес, басқа аурулардың немесе қайғылы оқиғалардың салдарынан болғанын дәлелдейді.
АҚШ-та 2020 жылы өлімнің негізгі себептері жүрек-тамыр аурулары мен қатерлі ісік болды.
ДДСҰ-ның «Дүниежүзілік денсаулық статистикасы 2020» құжатында өлімге әкелетін көптеген қауіпті аурулар көрсетілген. Олардың қатарында АҚТҚ, қатерлі ісік, гепатит, туберкулез және т.б. бар.
Демек, пандемия басталғалы COVID-19 өлімнің жалғыз себебіне айналды деген пікірлер дұрыс емес.