Фейк: «Оқушылар сабақтан себепсіз қалғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынады»
Қазақстандықтар, балалар сабақтан себепсіз қалса, оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынады деген ақпаратпен бөлісуде. Бұл туралы еліміздің кейбір мектептерінде хабарлаған екен. Бұл жалған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, елімізде мұндай жаңашылдықтар енгізу жоспарланбаған.
– Біз бұл ақпаратты растамаймыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қазақстандықтар бұған дейін де отбасындағы қатынастарды реттеу үшін дайындалып жатқан заң жобалары туралы жалған ақпарат таратқан. Мысалы, Қазнетте ата-аналарға балаларды жазалауға заң жүзінде тыйым салынатыны, ал оқушыларды сабақтан белгісіз бағытта жасырын алып кететіні туралы фейктер тараған болатын. Сондай-ақ, балаларын вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналарды психиатриялық клиникаларда мәжбүрлеп емдейді, ал бала мектепке кешігіп барған жағдайда, немесе жалғыз қыдырып жүрсе, ата-аналарды оны тәрбиелеу құқығынан айырады деген хабарламалар да болды.