Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдарға жұмыс істеуге рұқсат беру үшін белгі қойылады»

Қазнет қолданушылары Билл Гейтстің кезекті фейк мәлімдемесін таратуда. Бұл жолы қастандық теорияларын жақтаушылардың айтуынша, ол COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдарды таңбалау және вакцинацияны растайтын сандық белгісіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейтіні жайлы мәлімдеген екен. Microsoft –тың негізін қалаушы мұндай ештеңе айтпаған.


Билл Гейтстің адамдарды «таңбалау» туралы айтқан сөздері оның Reddit.com платформасында білдірген пікірлеріне негізделген.
«Ақыр соңында, кімнің сауығып шыққанын, кімнің жақында сынақ тапсырғанын немесе вакциналардың қашан болатынын, кімнің егілгенін көрсететін цифрлық сертификаттар пайда болады», – деп жазды ол алдағы уақытта бизнесте орын алатын өзгерістер туралы сұраққа берген жауабында.


Платформаны пайдаланушылар бұл пікірді бірден тарата бастаған. Ал қастандық теориясын жақтаушылар оған өз ойларын қосқан.
– «Аң белгісіне, микрочиптерге немесе мәжбүрлі вакцинацияға алаңдайтын тағы кім бар?…»,- деп жазыпты пайдаланушылардың бірі, қазір оның аккаунты жойылды.
Кейінірек Vigilant Citizen порталы Гейтстің пікіріне сүйене отырып, оған «аң белгісі» туралы комментатор теориясын қосып, Microsoft -тың негізін қалаушының әлемдік үкіметтің қастандығына қатысқаны туралы мақала жариялады. Бұл сайттың фейк, дәйексіз ақпараттар мен конспирологиялық теорияларды ашықтан-ашық таратқаны бірнеше рет әшкереленген.
Бұған қарамастан, осы бағыттағы онлайн-платформалар Гейст «аң белгісі» және таңбаланбаған адамдарға жұмыс істуге рұқсат берілмейтіні туралы мәлімде жасаған жаңалықты таратқан. Хабарлама орыс тіліне нақ осы сипатта аударылып, «цифрлық сертификат» тіркесін «цифрлық белгіге» ауыстырылған.
Цифрлық сертификат, өз кезегінде, соншалықты қорқынышты емес және қастандық теориясының белгісі емес. Вакцинациялау мәртебесін растайтын осы сияқты сертификаттар бүгінде көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да бар. Цифрлық құжатта адамның аты-жөні, сондай-ақ оның COVID-19 қарсы вакцинаны қашан, қайда және қай жерде алғаны туралы ақпарат ұсынылады. Құжатта басқа деректер жоқ.
Электрондық вакцинация паспортын алған кезде адамның денесіне ешқандай белгілер қойылмайды, басқа процедуралар жасалмайды. Тиісінше, мұндай сертификатты алу рәсімі «таңбалау» болып табылмайды.
Цифрлық белгі туралы конспирологиялық теория биткоиннің пайда болуымен шыққан. Оны жақтаушылар әлемдегі бірде-бір үкімет бақыламайтын цифрлық валютамен жаңа әлемдік тәртіп пайда болады және Bitcoin әмиянының нөмірі адамдардың денелеріне татуировка түрінде жазылады дегенге сенді.
Бұлай болмаған кезде, қастандық терапиясын жақтаушылар Билл Гейтс пен вакцинацияға ауысып, өз теориялары аздап өзгертіп, оның негізгі, ең қорқынышты бөлігін қалдырады. Бұл ретте бірінші теорияның да, екінші теорияның да дәлелдері жоқ екенін айта кеткеніміз жөн.
Microsoft негізін қалаушы бірнеше рет әртүрлі қастандық теорияларының басты кейіпкері болған. Біз олардың көбін жоққа шығардық, өйткені Гейтстің жер халқын құртуға, адамдарға вакциналар арқылы микрочиптер енгізуге немесе мәңгі қараңғылық орнатуға тырысатындығына ешқандай дәлелдер жоқ.

Мұның бәрі Билл Гейтстің адамдарды таңбалау және жұмыс істеуге рұқсат алу үшін «цифрлық белгілер» қою қажеттілігі туралы мәлімдемегенін дәлелдейді. Бұл сөздерді қастандық теориялары мен фейк жаңалықтар шығаратын онлайн-басылымның авторлары Гейтс айтты деп ұсынған. «Аң белгісі» туралы мәлімдемелер – COVID-19 пандемиясы басталғалы жаңаша ұсынылған ескі конспирологиялық идея.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button