Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы егілу жүктілікті тоқтату қаупін 91% арттырады»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде кейбір ғалымдар жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды тоқтатуды талап етіп отыр деп жазды. Вакцинация түсік тастау қаупін 91%-ға ұлғайтады екен. Бұл жалған.


Жүкті әйелдерді вакцинациялаудың болжамды қауіптілігі туралы бейненің авторы биыл 8 қыркүйекте The New England Medicine рецензияланған ғылыми журналында жарияланған зерттеуге сүйенеді. Іс жүзінде зерттеуде де, оған қосымшаларда да вакцина алғаннан кейін түсік тастау қаупі, видео авторы айтқандай 91%-ға артады деп жазылмаған. Керісінше, зерттеу авторлары былай деп жазады: «Біздің нәтижелер COVID-19 қарсы мРНҚ вакцинасымен егілгеннен кейін өздігінен түсік түсіру қаупі бала біткенге дейін немесе жүктілік кезінде өздігінен түсік түсіру қаупімен сәйкес келетіндігін көрсетеді. Бұл деректер жүктілік кезінде COVID-19 мРНҚ-а қарсы вакцинацияның қауіпсіздігі туралы жинақталған дәлелдерді толықтырады».
Яғни, вакцинациядан кейін жүктілікті тоқтату қаупі оған дейінгі тәуекелмен бірдей.
Басқа зерттеулер де осы тұжырымды растайды. Мысалы, халықаралық рецензияланған JAMA медициналық журналында COVID-19 қарсы мРНҚ вакциналарын алғаннан кейін 28 күн ішінде өздігінен түсік түсіру қаупі талданған зерттеу бар. Зерттелген мәліметтер негізінде ғалымдар вакцинация тобындағы түсік тастау саны егілмегендер арасында ұқсас көрсеткіштерден аспаған деген қорытындыға келді.
Сондай-ақ, биыл маусым айында жүргізілген зерттеу де бар. Оның да авторлары түсік тастау мен COVID-19 қарсы вакцинаны алудың арасында ешқандай байланыс жоқ деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, биыл тамыз айында жарияланған зерттеу авторлары COVID-19 қарсы вакцина алған 122 жүкті әйелдің деректерін зерттеді. Ғалымдар вирус антиденелерінің анадан балаға берілу мүмкіндігін бағалады. Зерттеу нәтижелері жүктілік кезінде вакцинацияланған әйелдердің басым бөлігінен балаларға SARS-CoV-2 коронавирусынан қорғайтын пассивті иммунитет берілгенін көрсетті. Демек, вакцинация болашақ ананы ғана емес, жаңа туған нәрестені де қорғайды.
Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында жүктілік кезінде COVID-19 ауыр ағымының болу қаупі едәуір артатындығы туралы мәліметтер келтірілген. Бұл ретте, олар вакцинациядан кейін айтарлықтай төмендеуі мүмкін. 
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакциналарын 200 000-нан астам жүкті әйел салдырған. Олардың ешқайсысында иммундау нәтижесінде асқынулар болмаған.
Демек, COVID-19 қарсы вакциналардың жүкті әйелдер үшін қауіпсіз екендігі туралы қорытынды жасауға және иммундау нәтижесінде өздігінен түсік тастау мүмкіндігін болдырмауға жеткілікті мәліметтер бар. Жүктілік кезінде вакцинация түсік тастау қаупін 91% арттырады деген тұжырым негізсіз және расталған ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button