Өткен жылғы қалалардың жабылуы туралы хабарлама мессенджерлерде қайта тарады
Қазақстандықтар 9 мамырдан бастап елімізде қатаң карантиндік шаралар қайта енгізілетіні және ірі қалалардың маңына блокпост қойылатыны туралы хабарлама таратуда. Бұған дәлел ретінде теледидардағы жаңалықтар шығарылымынан үзінді ұсынылуда. Шын мәнінде, бұл хабарлама фейк, ал жаңалық – былтырғы хабар.
WhatsApp-пен тараған жаңалықтар шығарылымы 2020 жылғы 7 қарашасындан шыққан. Оны «Хабар 24» емес, Ресейдің «МИР-24» телеарнасының тілшілері түсірген. Кадрда диктор айын атамай, тек «тоғызынан бастап қаладан кетуге немесе кіруге тыйым салынады» дейді. Осылайша, хабарламада көрсетілген 9 мамыр күні де ойдан шығарылғн болып табылады.
Елдегі карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімдер эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады. Қазіргі кезде КВИ бойынша жасыл аймақта Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Сары аймақта – Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстары. Қызыл және сары аймақтардың арасында ШҚО және Қызылорда облыстары. Қалған аймақтар қызыл аймақта тұр.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.