Фейк: «Маскалар вирусты өткізетіндіктен тиімсіз»
Қазақстандықтар желіде медициналық масканың микроскоппен түсірілген суреттерімен бөлісуде. Суретте SARS-coV-2 вирусымен салыстырғанда маскадағы тесіктер тым үлкен, сондықтан одан қорғай алмайтындығы көрсетілген. Бұл – фейк.
Маскалардың тиімділігін дәлелдейтін бірқатар зерттеулер бар. Олардың барлығы дәлелденген фактіге негізделеді – вирустар ауада өздігінен ұша алмайды. Олар тыныс алу кезінде шығарылатын ылғал бөлшектеріне жабысады.
Мұндай бөлшекпен бірге алғанда вирустың мөлшері диаметрі 5-тен 15 микронға дейін.
Әдеттегі хирургиялық маскадағы тесіктер мөлшері 0,3-тен 10 микронға дейін, ал N95 респираторында – 0,1-0,3 мкм.
Бұл маскалар мен респираторлар вирустардан, соның ішінде Sars-coV-2-ден тиімді қорғаныс құралы екенін дәлелдейді. Бірақ, әдеттегі медициналық масканың вирус бөлшектерін өткізу ықтималдығы бар. Сондықтан ДДСҰ мамандары әлеуметтік қашықтықты сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерге барынша бармауға кеңес береді. Бұл шаралардың барлығы COVID-19 алдын алудың тиімді әдісі болып табылады.