Fake News

Фейк: «Вирус көрінбейді, ал маскалар, қолғаптар мен қашықтықты сақтау адамдарды қорқыту және басқару үшін қажет»

Әлеуметтік желілерді қолданушылары СOVID-19 тудыратын SARS-cov-2 вирусының барына тағы да күмәндана бастады. Белгісіз авторлардың айтуынша, вирус көрінбейді. Бұл жалған.

«Вирус Құдай сияқты көзге көрінбейді, оған сену керек, яғни, оны көре алатын адамдардың сөзіне сену керек», – делінген Telegram арнасындағы хабарламада.
Шын мәнінде, Sars-cov-2 микроскоппен көруге болады. Ғалымдар жасаған вирустың фотосы мен видеосын БАҚ-тан және әртүрлі елдердің ғылыми сайттарынан табуға болады. Бразилиялық ғалымдар тіпті жасушаның коронавирус жұқтыру сәтін де тіркеген.


«…оның инфекциямен байланысын дәлелдеу үшін оны шығару, оқшаулау және осы генетикалық материалды секвенирлеу үшін күрделі жұмыс жүргізу керек».
SARS-CoV-2 вирусының COVID-19 тудыратыны дәлелденген. 2020 жылғы 7 қаңтарда қытайлық мамандар вирустың геномын ашты және ол көпшілікке қол жетімді.
SARS-CoV-2 вирусы жоқ деген фейктер бұған дейін де тараған.

Фейк: «Sars-CoV-2 вирусы жоқ»

Сондай-ақ, біз оның компьютерде модельденгені туралы ақпаратты да жоққа шығарған болатынбыз.
Маскалар мен қашықтықты сақтау символикамен байланысты емес және адамдарды қорқытуға бағытталмаған. Бұл шараларды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекциямен күресу үшін ұсынды. Олардың негізгі мақсаты — вирустың таралуын тежеу, соның ішінде симптомсыз тасымалдаушылардан қорғау.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button