Fake News

Фейк:«COVID-19 биометриялық тесттер 2015 жылы патенттелген»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 анықтайтын кейбір биометриялық тесттер 2015 және 2017 жылдары патенттелгені туралы ақпарат тарады. Бұл пандемияның алдын ала жоспарланғанын және аурудың өзі жоқ екенін дәлелдейді. Мұның бәрі жалған.

Қазнеттегі патент 2020 жылы желінің ағылшын тілді сегментінде кең тараған. Бұл туралы Reuters порталы жазған болатын.
Us 2020/0279585 A1 патентін Ричард А. Ротшильд 2020 жылдың 17 мамырында алған. Құжатта оның әр жылдары берілген патенттік өтінімдердің жалғасы екені көрініп тұр, олардың алғашқысы 2015 жылы ресімделген. Сонымен қатар бастапқы түпнұсқа патентте COVID-19 пандемиясы, бұл ауруды немесе оның қоздырғышын анықтауға арналған тест-жүйелер, SARS-CoV-2 вирусы туралы айтылмаған. Шын мәнінде, онда жүрек ырғағы, қысым және т.б. өмірлік маңызды көрсеткіштерді ауруханада бақылау жүйесін сипатталған.
2017 жылы түпнұсқа өтініш тағы да пысықталып, кеңейтілді, бірақ COVID-19 туралы жазылмады. Себебі ол кезде бұл ауру белгісіз болды. Ал құжат пациенттердің өмірлік маңызды көрсеткіштерін бақылау жүйесіне арналды.

Патентте COVID-19 туралы жазылғанына келетін болсақ, бұл өзгертулер 2020 жылы ғана қосылды, ол кезде жүйе жетілдіріліп, толықтырылып, сол кезде қалыптасқан пандемия жағдайында ауруханалардың қажеттіліктеріне қарай бейімделді. 
Демек, табылған патент COVID-19 пандемиясының алдын ала жоспарланғанын және оған дайындық 2015 жылы басталғаны туралы қастандық теориясын дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button