Тегін бензин туралы Whatsapp-хабарлама – алаяқтық
What ‘ sApp мессенджерінде қазақстандықтар Helios жанармай құю желілерінен 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемемен бөлісуде. Ол үшін сайттағы сауалнамадан өту керек. Жанармай құю станциясы желісінің өкілдері мұндай шара туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ.
– Бұл жалған ақпарат. Мұндай хабарламалар туралы мәлімет келіп түсті, біз оны дереу теріске шығардық, – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.
Қазнетте мазмұны ұқсас хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Ағымдағы жылдың 13 наурызында ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.
– Helios-тың бұл хабарламаға қатысы жоқ. Барлық шаралар туралы ақпарат www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram парақшасында ғана жарияланады. Сілтеме арқылы өтпеулеріңізді және хабарламаны таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген мәтінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алаяқтар қазақстандықтарды танымал брендтердің атынан бұған дейін дейін де алдап келген. Олар сауалнамалардан өткені үшін қымбат жүлделер бермек болады. Біз мұндай хабарламалар туралы жазған болатынбыз.
Алаяқтар көп жағдайда осындай «сауалнамалар» арқылы желі пайдаланушыларының жеке деректерін ұрлайды. Бұл фишинг деп аталады. Бұл неге қауіпті және кибер алаяқтарды қалай тануға болатындығы туралы мына жерден оқуға болады.
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті