Fake News

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сәбилердің денелері туралы ескі фейк таратылуда

Қазақстандық пайдаланушылар таратып отырған видеоға таулы мекенде жиналып, жылап отырған адамдардың дауысы естілді. Кадр сыртындағы ер адамның дауысы Қырғызстанда Қытай азаматтары жұмыс істеп жатқан орын мен «қытайлар жейтін сәбилердің денелері» табылғанын айтады. Бұл ескі фейк.

Бұл видео 2020 жылы қаңтарда тараған. Бұл кадрлар «Құмтор» алтын кен орнында көшкін кезінде екі қызметкер жоғалып кеткен кезде түсірілген болар.
Қырғызстан Республикасы Үкіметінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілдігінің баспасөз хатшысы Мирбек Қожоев әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады.

«Мен осы іс-шараға қатыстым. Бұл – «Құмтордың» қаза тапқан қызметкерлерін еске алуға арналған шара (жаназа). Онда жергілікті билік өкілдері, облыстың өкілетті өкілі, компания қызметкерлері, ТЖМ және т.б. болды… Ол жерден көшкін кезінде жоғалып кеткен қызметкерлер болған көліктің сынықтары табылды», – деді Мирбек Кожоев.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button